Қоғам • 21 Қазан, 2019

Бүгін Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігімен күресу күніне орай дәрігерлер Қыздар университетіне келеді

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын 21 қазан – Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігі ауруымен күресу күні ретінде атап өтіліп, атаулы дата аясында нақты шаралар легі атқарылады.

Бүгін Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігімен күресу күніне орай дәрігерлер Қыздар университетіне келеді

Осы мәселеге орай, бүгін Алматыдағы Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне арналған онколог-маммолог мамандарының кеңесі мен көшпелі қаралу іс-шарасы өтеді.

Іс-шараға белгілі қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділованың қатыспақ. 

Қыздар университетінде жоспарланған шараны Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қолдап отыр.

Өз кезегінде әлемде сүт безі қатерлі ісігі ауруының жасарып келе жатқаны байқалады. Бұл дертті күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, есірткі қолдану, қоршаған орта сынды басқа факторлар қоздыратыны белгілі.

Сондай-ақ бүгін кез келген емханада тегін скринингтік тексеруден өтуге болатындығын айта кету керек. Қазақстанда маммографиядан өту жасы 40-тан 70 жасқа дейін ұлғайтылды.