Руханият • 21 Қазан, 2019

Алматыда жас суретшілердің заманауи көрмесі өтті

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрменің басты ерекшелігі - суретшілер билеп жүріп, сурет салады.

Алматыда жас суретшілердің заманауи көрмесі өтті

Көрме авторлары Марат Ягфаров пен Ғалымжан Балсары заманауи технологиялар дәуірінде әрбір жан өнерді жасаушы және ойлаушы бола алады деген идеяны дамытуда.

Ал, көрменің басты ерекшелігі - билеп жүріп, сурет салуда.

«Көрмеміздің ерекшелігі – көше мәдениеті мен экспрессионизм шеңберін өзара әрекеттестіру. Біз бүгін ашылу салтанатында бұрын-соңды болмаған өнер көрсетеміз және ол өте қызықты болмақ. Себебі, біз би билеп жүріп сурет саламыз», дейді суретші Марат Яфгаров.