23 қазан күні Ресейдің Свердловский аймағында өтетін жарысқа Ресей мен Қазақстанның 21 жасқа дейінгі үстел теннисші шеберлері бақ сынайды.
Атап айтқанда, ел намысын халықаралық додада Самат Бейсенов бастаған Бақдаулет Әкімәли, Дастан Кенжеғұлов, Ырысбек Артукметов, Искандер Харки қорғайды.
Жарыстың жүлде қоры 450 000 рубльді құрайды.