Қоғам • 22 Қазан, 2019

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан азаматшасы Қытайға 4 млн-нан аса теңге көлеміндегі декларацияланбаған қаражатты өткізбек болған.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматы облысы бойынша МКД «Қорғас» ШЫХО кеден бекетінде «Қорғас» ШЫХО кеден бекетінің қызметкерлері  ҰҚК ШҚ 2088 ә/б және Ал­маты облысы бойынша ДЭР қызметкерлерімен бірле­сіп, «Қорғас» ШЫХО кеден беке­тінде Қазақстан Республи­ка­сынан ҚХР-ға шығу кезінде қол жүгінде белгіленген нысанда декларацияланбаған 4 065 000 теңге ақша қаражатын (бұл ба­­л­амада 10 423 АҚШ долларын құрайды, яғни 21.10.2019 жылғы жағдай бойынша Ұлттық банкінің ресми бағамы 1 АҚШ доллары 389 теңге 98 тиын ұстады. Қазіргі уақытта кінәлі тұлға ӘҚБтК-нің 551-ба­бының 3-бөлігіне сәйкес әкім­шілік айыппұл түрінде жа­уапкершілікке тартылды.

Естеріңізге саламыз, жеке тұлғалар кедендік декларациялаусыз қолма-қол шетел және ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чек­терін жалпы сомадағы 10 мың АҚШ долларына тең немесе одан аспайтын көлемде әкелуге не­месе әкетуге құқылы.

10 мың АҚШ доллары бала­ма­сынан асатын сома, ЕАЭО ел­дері кедендік аумағының құ­рам­дас бөлігі болып табылатын аумақ­тан немесе аумаққа жүзе­ге асырылатын әкелу немесе әкету жағдайларын қоспа­ғанда, мін­детті кедендік деклара­ция­лауға жатады.

Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі мен мақсаты туралы мәлімет­терді көрсете отырып, барлық сомаға жазбаша нысанда ке­дендік декларацияны беру ар­қы­лы жүзеге асырылады. Дек­ларацияда көрсетілген қара­жатқа салық салынбайды.

 

«Егемен-ақпарат»

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше