«Хабар» Агенттігі Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожинмен әңгіме барысында, Беларусь мемлекетінің Президенті екі елдің бүгінгі қарым-қатынасы жөнінде жан-жақты айтып, болашақта одан әрі қарайғы қарым-қатынасын арттыру жолдарының келешегі, сондай-ақ тауар айналымның өсуі жөнінде айтты. А. Лукашенко Евразиялық экономикалық одақ туралы, оның географиясының кеңеюі тақырыбына бөлек тоқтады. Сондай-ақ Беларусь Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырудағы негізгі этаптарға тоқтап, өз түсінігіндегі «тәуелсіздік» сөзінің негізгі мағынасын, мәнін түсіндірді.
Сұхбат барысындағы Президентке жолданған сауалдардың басым бөлігі Беларусь пен Қазақстан елдерінің қарым-қатынастарының дамуына қатысты, Евразиялық экономикалық одақ форматының өзара әрекеттесуінің проблемалары сынды түрлі аспектілерге қатысты болды. Мемлекет басшысына кейбір жеке басына қатысты сұрақтар да қойылды.