14 Қазан, 2019

Ерекше актерлердің алғашқы қазақстандық театры көрермендерін тәнті етті

387 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстандағы ерекше актерлердің алғашқы театры Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылуда. Жобаның ұйымдастырушысы – Ұлттық Дельфий Комитеті.

Ерекше актерлердің алғашқы қазақстандық театры көрермендерін тәнті етті

«#Екеуміздің қанымыз бір» әлеуметтік драмасының премьералық көрсетілімінің шымылдығы ағымдағы жылы кеше елордадағы «Жастар» театрында ашылды. Қойылыммен жұмысты ерекше қажеттілікке ие шығармашылық жастардан тұратын театр труппасы мен режиссерлік-қойылымдық труппа үш ай бұрын бастаған. Бүгінде Қазақстандағы ерекше актерлерден тұратын алғашқы театрдың қоржынында бүкіл Қазақстанды аралайтын гастрольдік турында көрсететін екі спектакль (драма мен пантомима) бар.

1

«#Екеуміздің қанымыз бір» қойылымы Д.Р.Киплингтің аңызға айналған әлемдік повесі «Джунглилер кітабына» негізделген.  Қойылым көрермендерге керең-мылқау бала мен социум арасындағы шиеленісті суреттеп, Қазақстандағы заманауи шындықты сезінуге мүмкіндік береді. Ішкі беріктігі мен жүрегіндегі батылдық оған қиындықтарға төтеп беріп, мейірімділік пен еркіндікті сезінудің құндылығын әспеттеуге шақырады. Баланың айналасындағылар оның көз алдында өзінің сүйікті кітабындағы кейіпкер: айлакер қара қабылан Багира, данышпан питон Каа, ызақор жолбарыс Шер Ханмен гиперболаланады. Ол – Маугли күшті, зұлым күштерден қорықпайтын ержүрек, бірақ мейірімді де бауырмал жүректі болып өседі. Осылайша, қойылым  абырой, ерлік, дәстүрге адалдық пен шыншылдық сынды игі қасиеттердің құндылығы мәселесін көтереді.

2

Бүгінгі таңда труппада мүмкіндігі шектеулі 14-пен 28 жас аралығындағы 50-ден астам актер бар. Күн сайын құрам актерлік шеберлігін, хореография, сахналық бейне, ым-ишара тілінің шеберлігі және т.б. қырынан жетілдірілді. 

«Мен осы ұжымға келген кезімде ым-ишара тілін, оның техникасын білген жоқпын. Ерекше актерлер театры – басқа әлем болатын. Бұл әлем мені өзіне баурап алды. Бұл жерде олар спектакльде ойнамайды, олар сол жерде өмір сүреді. Барлығы тең болып табылатын шығармашылық әлемінде Қазақстандағы барша ерекше балалардың болғанын қалаймын», деді қоюшы хореограф Дәулет Мұратбеков.

«Маған ерекше театрдың актерлермен жұмыс істеу өте оңай болды. Алдымен идеяларын тыңдағасын олардың жанарындағы ұшқынды байқадым. Олардың болашақта әйгілі актер болатынына сенімім мол», деді сәнгер, костюм бойынша суретші Қайролла Әбішев.

3

«Театрымыздың әртістері өте көп жұмыс істеді. Актерлік шеберлік, хореография жағынан да күн сайын сабақ алды. Бүгін сол үш ай бойы дайындалған еңбектің нәтижесін көріп отырмыз. Әрқайсысы өз кейіпкерінің бейнесіне еніп, оны аша білді», деді Ерекше театрдың көркемдік жетекшісі  Ольга Ростовщикова.

Ұлттық Дельфий Комитетінің директоры, жоба авторы Құралай ТҮСПЕКОВА «Үш жыл бойы Ұлттық Дельфий Комитеті бүкіл труппа ерекше қажеттілікке ие шығармашыл жастардан тұратын ерекше актерлердің бірегей театрын құру идеясын жетілдірді. Бүгін міне, ол идея да кемеліне келді.  Ағымдағы жылы гранттың арқасында идеямызға іс жүзінде жүзеге асырылып отыр. Үш ай бойы педагогтердің актерлік шеберлік, хореография, сахналық бейне, ым-ишара тілі бойынша жұмыстары, психологтардың, ҰДО қазылар мүшелері, балалар мен олардың ата-аналарының күні-түні төккен маңдай терімен бүгін алғашқы жұмысымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз! Жыл соңына дейін бүкіл Қазақстанды аралауды жоспарлап отырмыз.  Әр көрсетілімнен  соң көрермендерге «еркін» микрофон ұсынылып, олар зал болып қойылымнан алған әсерлерімен бөлісе алады. Бұл практика бізге көрермендерден фидбэк алуға, нақты уақытта көргенінен оны түсінуіне жол ашады және керемет эмоцияларымызбен бөлісетінімізге сенімдімін. Ерекше актерлеріміздің бүгін өздерін нағыз әртіс ретінде сезінуіне мүмкіндік туғанына қуаныштымын», деп атап өтті.  

40 қойылыммен еліміздің 17 аймағын аралауды жоспарлап отырған гастрольдік турда Ұлттық Дельфий қазылар алқасы мүшелерінің арасындағы мәдениет қайраткерлерінің шеберлік сағаттарын өткізу де жоспарланып отыр. Одан басқа, ұйымдастырушылар аймақтардағы мүмкіндігі шектеулі дарындардың қойылымға қатысуын қамтуға да ниетті.