Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №495
Сенбі, 6 сәуір 2013 1:06
2012 жылғы 28 желтоқсан, Астана қаласы
Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және
техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының екінші бөлігі 1) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №495
Сенбі, 6 сәуір 2013 1:06
2012 жылғы 28 желтоқсан, Астана қаласы
Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және
техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының екінші бөлігі 1) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізімі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы А.Рау.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 495 бұйрығына
1-қосымша
Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы (бұдан әрі – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының екінші бөлігі 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу тәртібі
2. Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды (бұдан әрі – стандарт), техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін (бұдан әрі – ТЭА жіктеуіш) әзірлеу мемлекеттік стандарттау жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Стандарттарда, алдын ала ұлттық стандарттарда (бұдан әрі – алдын ала стандарт) және ТЭА жіктеуішінде белгіленетін талаптар ғылыми – зерттеу, тәжірибелік – конструкторлық және жобалау жұмыстарының нәтижелеріне, патенттік зерттеулерге, халықаралық, өңірлік немесе ұлттық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының ережелеріне және (немесе) отандық және шетелдік ғылым, техника мен технологиялардың өзге де қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделеді.
4. Стандарт, алдын ала стандарт және ТЭА жіктеуіші өнімге, оның құрама бөліктеріне, процестерге, оның ішінде іргелі немесе қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері болып табылатын қызметтерге, бақылау әдістемелеріне әзірленеді.
5. Стандарт, алдын ала стандарт немесе ТЭА жіктеуіші осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарда әзірленеді.
6. Стандартты немесе ТЭА жіктеуішін, оларға өзгерістерді әзірлеудің басталғандығы және олардың әзірлеушілері туралы ақпарат техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) интернет-ресурсында орналастырылады.
7. Стандартты, алдын ала стандартты немесе ТЭА жіктеуішін әзірлеу мақсатында әзірлеуші мүдделі ұйымдардың қатысуымен жұмыс тобын құра алады.
8. Стандартты, алдын ала стандартты немесе ТЭА жіктеуішін әзірлеуші тиісті жобамен оған түсіндірме жазбаны әзірлеуді жүзеге асырады.
Түсіндірме жазбада мыналар:
1) техника-экономикалық негіздеме және (немесе) стандартты, алдын ала стандартты және ТЭА жіктеуішін әзірлеу мен қолданудан экономикалық тиімділікті есептеу;
2) тиісті тапсырманы көрсетіп, стандартты, алдын ала стандартты немесе ТЭА жіктеуішін әзірлеу үшін негіздеме;
3) стандарттау объектісінің сипаттамасы;
4) стандарт, алдын ала стандарт және ТЭА жіктеуіші жобасының техникалық регламенттермен және стандарттау бойынша нормативтік құжаттармен өзара байланысы туралы мәліметтер;
5) стандарт, алдын ала стандарт және ТЭА жіктеуіші жобасын қарастыру мен келісуге тарату туралы мәліметтер;
6) стандарт, алдын ала стандарт және ТЭА жіктеуіші жобасын әзірлеу кезінде пайдаланылған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар туралы ақпарат;
7) стандарт, алдын ала стандарт немесе ТЭА жіктеуіші жобасын әзірлеуші (электронды поштасын, байланыс телефоны/факсті қоса алғанда, мекенжайы) мен қоса орындаушылар, әзірлеу мерзімі туралы деректер келтіріледі.
9. Стандартты, алдын ала стандартты және ТЭА жіктеуіші тапсырыс берушісі және әзірлеушісі оның әзірленуіне мүдделі кез келген тұлға (жеке және заңды) бола алады.
10. Нарыққа айналымындағы ұйыммен шығарылатын өнімге техникалық регламент жоқ болған жағдайда, алдын ала ұлттық стандарт әзірленеді және бекітіледі.
3. Стандарттарды, алдын ала стандарттарды және
ТЭА жіктеуіштерін келісу тәртібі
11. Стандарт немесе ТЭА жіктеуіші стандарттау объектісіне байланысты:
1) әзірлеуге тапсырыс беруші (бар болған жағдайда);
2) мемлекеттік органдарға олардың құзыреті шегінде;
3) бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет саласына сәйкес стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге;
4) сәйкестікті растау жөніндегі органдарға;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген салалық бірлестіктеріне;
6) ғылыми-зерттеу институттарына (бар болған жағдайда) келісуге жіберіледі.
12. Стандарттың, алдын-ала стандарт немесе ТЭА жіктеуіші жобаларын, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылғандарын келісу мерзімі қарауға түскен күнінен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
13. Стандарттың әзірлеушісі стандарт жобасын қарау және келісу қорытындылары бойынша келісуші органдардың қабылдаған және қабылдамаған ескертулер мен ұсыныстарын пікірлер жинағын дайындауда жүзеге асырады. Келісуші органдардың ескертулері мен ұсыныстары келісілмеген жағдайда, дәлелді негіздеме жүргізіледі.
14. Техникалық регламентпен үйлестірілген стандарт әзірленген жағдайда, жоба тиісті техникалық регламентті әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға жіберіледі.
15. Терминология бойынша стандарттардың жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияға қарауға жіберіледі.
16. Алдын ала стандарт жобасы стандарттау объектісіне байланысты әзірлеу кезінде тиісті техникалық регламенттер, стандарттар мен өңірлік стандарттар болмаған жағдайда, құзыретіне стандарттау объектісін нормалау мен қауіпсіздігін қадағалау кіретін мемлекеттік органмен (органдармен) келісуге жатады.
17. Әзірлеуші тапсырыс берушімен келісім бойынша алдын ала стандарт бойынша ескертулерді жояды, және осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген құжаттарды қамтитын, стандарттау жөніндегі техникалық комитетке (бұдан әрі – ТК) қарастыруға жіберу үшін алдын ала стандарт ісін (бұдан әрі – алдын ала стандарт ісі) жасайды.
18. ТК алдын ала стандарт ісін қарастыру және дауыс беру үшін уәкілетті өкілге – ТК мүшесіне келіп түскен күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде береді. Қараудың және дауыс берудің жалпы мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды. Бұл ретте құжаттар электрондық түрде жіберіледі.
19. Шешім уәкілетті өкілдердің – ТК мүшелерінің қарапайым көп дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, алдын ала стандарт қабылданды деп есптеледі.
20. Дауыс беру мынадай:
1) қабылдауға;
2) негіздерді көрсете отырып қарсы;
3) қалыс қалу ұстанымдарына сүйене отырып, өтеді.
21. ТК дауыс беру аяқталғаннан кейін дауыс беру хаттамасын рәсімдейді. Алдын ала стандартты қабылдаған жағдайда, алдын ала стандарт жөніндегі іс 2 (екі) күн ішінде ТК басшылығына бекітуге беріледі. Қабылданбаған жағдайда, дауыс беру хаттамасы мен дәйекті ескертулері мен ұсыныстары бар алдын ала стандарт ісі әзірлеушіге қайтарылады.
4. Стандарттарды, алдын ала стандарттарды және
ТЭА жіктеуіштеріне сараптама жүргізу тәртібі
22. Стандарт жобасын сараптаудың міндеттері мыналар болып табылады:
1) әзірленетін стандарттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу;
2) стандарттау объектілерін метрологиялық қамтамасыз ету;
3) қолданыстағы немесе бұрын әзірленген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды қайта қарау, өзектендіру және (немесе) бірыңғайлау қажеттігін анықтау;
4) қолданыстағы стандарттардың талаптарының қайталануын болдырмау;
5) бәсекеге қабілеттіліктің функционалдық және сәйкестендіру көрсеткіштерінің болуын белгілеу;
6) халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін белгілеу.
23. Алдын ала стандарт жобасын сараптаудың міндеттері мыналар болып табылады:
1) әзірленетін стандарттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу;
2) стандарттау объектілерін метрологиялық қамтамасыз ету;
3) бәсекеге қабілеттіліктің функционалдық және сәйкестендіру көрсеткіштерінің болуын белгілеу.
24. ТЭА жіктеуіші жобасын сараптаудың міндеттері мыналар болып табылады:
1) жіктеу және кодтау әдістерін таңдаудың дұрыстығын белгілеу;
2) қолданыстағы өзара байланысты ұлттық жіктеуіштермен кешенді қолдану мүмкіндігін белгілеу;
3) резервтік сыйымдылықтың болуын белгілеу;
4) жіктеуішті автоматты жүргізу мүмкіндігін белгілеу.
25. Стандарт, алдын ала стандарт немесе ТЭА жіктеуіші жобаларына сараптаманы уәкілетті органның ведомствоға қарасты ұйымы олар түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүргізеді. Сараптама жүргізу нәтижесі бойынша сараптамалық қорытынды жасалады.
26. Стандарт, алдын ала стандарт және ТЭА жіктеуіші жобаларын мемлекеттік тілге және орыс тілдеріне аудармасын растауды уәкілетті орган жүргізеді.
27. Стандарт немесе ТЭА жіктеуіші жобаларына сараптама жүргізу қорытындылары бойынша уәкілетті органның ведомствоға қарасты ұйымының техникалық реттеу бойынша ғылыми-техникалық кеңеске (бұдан әрі – ҒТ кеңес), одан кейін уәкілетті органның ғылыми-техникалық комиссиясына (бұдан әрі – ҒТК) қарастыруға жіберіледі.
Стандартты немесе ТЭА жіктеуіші жобаларын ҒТ кеңес мүшелерімен және ҒТК мүшелерімен қарастыру мерзімі 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.
Алдын ала стандарт сараптамасы жобаны әзірлеушімен ТК қарастыруға жібергенге дейін жүргізіледі.
Негізделген ескертулер бар болған жағдайда, стандарт пен ТЭА жобалары әзірлеушіге пысықтауға жіберіледі. Стандарт немесе ТЭА жобаларын пысықтау мерзімі стандарттау бойынша ұйымның ҒТ кеңесінің және ҒТК отырыстарында қаралған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды.
5. Стандарттарды, алдын ала стандарттарды және
ТЭА жіктеуіштерін бекіту және есепке алу тәртібі
28. Стандарт, алдын ала стандарт немесе ТЭА жіктеуіші техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі тізілімінде және ұлттық технико-экономикалық ақпарат жіктеуіштері тізілімінде есепке алуға жатады. Стандартты, алдын ала стандартты және ТЭА жіктеуішін есепке алуды техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган өткізеді.
29. Стандартты немесе ТЭА жіктеуішін бекіткен кезде уәкілетті органға, тіркелімде рәсімделген стандарт немесе ТЭА жіктеуіші ісі жіберіледі және олар мыналарды қамтиды:
1) мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада, қағаз және электрондық тасығыштарда стандарт және ТЭА жіктеуіші жобасы;
2) түсіндірме жазба;
3) пікірлер жинағы;
4) стандарт немесе ТЭА жіктеуіші жобасын келісуші органдармен келісуді растайтын құжаттар (түпнұсқасы). Электрондық почта арналарымен келісілген кезде ұйым басшысының электрондық сандық қолы қойылған, бланкідегі хаттың электрондық нұсқасы беріледі;
5) стандарт және ТЭА жіктеуіші жобасын қарау бойынша әзірлеуші жұмыс тобы отырысының хаттамасы (олар өткен жағдайда);
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның қорытындысы (терминология жөніндегі стандарт жобалары бойынша);
7) стандарт жобасы үйлестірілген ережелері нормативтік құжат көшірмесі.
30. Әзірлеуші осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, уәкілетті орган 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей стандарт және ТЭА жіктеуіші жобасын пысықтауға қайтарады.
31. Стандарт және ТЭА жіктеуіші уәкілетті органның бұйрығымен ҒТК оң шешімінен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітіледі.
32. Уәкілетті орган әзірлемеден стандарт және ТЭА жіктеуіші жобасын алып тастайды, сондай-ақ стандарт және ТЭА жіктеуіші жобасын әзірлеуден алып тастау себебі көрсетілген ақпаратты уәкілетті органның ресми баспасында және жалпы пайдаланудың ақпараттық жүйесінде (www.memst.kz), егер:
1) үйлестірілген стандарттар үшін техникалық регламентте көзделген мақсаттарға қол жетпеген болса;
2) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкессіздік табылса, жариялайды.
33. Стандарттар бекітілген күнінен кейін мынадай мәліметтер көрсетіліп, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне 10 (он) күнтізбелік күн ішінде енгізіледі:
1) тіркелген күні мен реттік нөмірі;
2) стандарт белгіленуі;
3) стандарт атауы;
4) мемлекетаралық стандарттар жіктеуіші (МСЖ) бойынша тобы;
5) стандарт бекіту туралы бұйрық нөмірі мен күні;
6) стандарт енгізген тұлға атауы:
жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы;
заңды тұлға үшін – атауы, заңды мекенжайы;
7) стандартты өзгерту және жою;
8) енгізілген күні;
9) халықаралық стандарттармен үйлестіру.
34. ТЭА жіктеуіштері бекітілген күнінен кейін мынадай мәліметтер көрсетіліп, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіші тізіліміне күнтізбелік 10 (он) күн аралығында келесі ақпарат келтіріліп енгізіледі:
1) тіркелген күні мен реттік нөмірі;
2) ТЭА жіктеуішінің белгіленуі;
3) ТЭА жіктеуішінің атауы;
4) стандарт және ТЭА жіктеуішін бекіту туралы бұйрық нөмірі мен күні;
5) стандарт және ТЭА жіктеуішін енгізген тұлға атауы:
жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы;
заңды тұлға үшін – атауы, заңды мекенжайы;
6) ТЭА жіктеуішін өзгерту және жою;
7) енгізілген күні.
Алдын ала стандартты бекіту кезінде мыналардан тұратын белгіленуді иеленеді:
1) «ҚР ААС» аббревиатуралары;
2) реттік нөмірі.
35. Алдын ала стандартты есепке алған кезде уәкілетті органға рәсімделген тіркелімде алдын ала стандарт ісі жіберіледі және ол мыналарды қамтиды:
1) мемлекеттік және орыс тілдерінде, екі нұсқада, қағаз және электрондық тасымалдаушыларда алдын ала стандарт жобасы;
2) түсіндірме жазба;
3) алдын ала стандарт жобасын келісуші органдармен келісуді растайтын құжаттар (түпнұсқасы). Электрондық пошта арналарымен келісілген кезде ұйым басшысының электрондық сандық қолы қойылған ұйым бланкісінде хаттың электрондық нұсқасы беріледі;
4) техникалық комитет шешімінің көшірмесі;
5) сараптама қорытындысы.
36. Алдын ала стандарт ТК уәкілетті өкілдері – мүшелерінің дауыс беру нәтижелерінің хаттамасы негізінде ТК төрағасымен бекітіледі.
37. Есепке алу 15 (он бес) жұмыс күнінен артық емес мерзімде оның түскен кезінен бастап өткізіледі. Есепке алуды өткізгеннен кейін электрондық тасығыштардағы алдын ала стандарт бір данасын сақтау және басып шығару үшін Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына беріледі.
38. Есепке алу және бекітілген стандарт, алдын ала стандарт және ТЭА жіктеуіші бойынша ақпаратты уәкілетті органның ресми баспасында және жалпы пайдаланудың ақпараттық жүйесінде (www.memst.kz) жариялайды.
6. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері өзгерістерінің тәртібі
39. Стандарт немесе ТЭА жіктеуішіне енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі – өзгерістер) жекелеген талаптар ауыстырылған, толықтырылған немесе алып тасталған, олардың қолданылуы ұзартылған, шектелген немесе қайта қалпына келтірілген кезде әзірленеді, қолданыстағы стандарт пен ТЭА жіктеуіші бойынша жасалатын өніммен жаңа өнімнің өзара ауыстырушылық және үйлесімділік талаптарын бұзбайтын жаңа талаптар енгізу және халықаралық стандарттармен үйлестіру қажет болған кезде әзірленеді.
40. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерге енгізілетін өзгерістер осы Қағиданың 2-5-бөлімінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органға бекітуге беріледі.
41. Өзгерістерді уәкілетті орган бұйрығымен бекітеді және қолданысқа енгізеді және техникалық реттеу жүйесінің мемлекеттік тізіліміне енеді.
42. Алдын ала стандартқа өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.
7. Стандарттарды, алдын ала стандарттарды және
ТЭА жіктеуіштерін қолданыстан алып тастау тәртібі
43. Стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін жою:
1) осы стандарт бойынша өндірілетін өнімнің (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) шығарылуын тоқтату;
2) жаңа стандартты қолданысқа енгізу;
3) техникалық регламенттерді қолданысқа енгізу жағдайында жүзеге асырылады.
44. Стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін қолданыстан алып тастау кезінде уәкілетті органдарға мыналар:
1) қолданыстан алып тастау туралы ұсыныстар;
2) оны алмастыратын құжат немесе ауыстырусыз стандартты қолданыстан алып тастау туралы ақпарат;
3) стандартты және ТЭА жіктеуішін қолданыстан алып тастауға келісімді растайтын құжаттардың түпнұсқасы жіберіледі.
45. Стандартты және ТЭА жіктеуішін қолданыстан алып тастау уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асырылады.
46. Бекітілген алдын ала стандарттың бірінші қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) айдан кешіктірмей ТК алдын ала стандартты сараптауды және мониторинг нәтижелері мен оны қолдануды бағалауды ұйымдастырады. Бұл ретте қолданыстағы кезең барысында әзірлеуші алдын ала стандартты қолдану туралы ақпараттарды жинауды жүзеге асырады.
47. Көрсетілген мониторинг нәтижелерін есепке ала отырып, техникалық комитет әзірлеу, екінші кезеңге мерзімін 3 (үш) жылға дейін ұзарту немесе алдын ала стандартты ұлттық стандарт ретінде болдырмау туралы дәлелді ұсыныстарды дайындайды. Алдын ала стандарттың қолданысын үшінші кезеңге ұзартуға рұқсат берілмейді.
48. Алдын ала стандартты ұлттық стандарт ретінде әзірлеу немесе болдырмау туралы дәлелді ұсыныстарды дайындау мерзімі алдын ала стандарты сараптамадан өткен күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспауы керек. Бұл ұсыныс ТК отырысында оның уәкілетті өкіл-мүшелерінің көп дауыс беруімен қабылданады және біруақытта осы ұсыныс уәкілетті органға жіберіледі.
8. Стандартты, алдын ала стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін қолданысқа енгізу тәртібі
49. Стандарт және ТЭА жіктеуіші уәкілетті органның шешімі бойынша қолданылу мерзімі шектеліп (5 жылдан аспау керек) немесе шектеусіз, өндіріс технологиясын жаңарту мерзімі (жұмыстарды, қызметтерді орындау), стандарттау объектісі мерзімін ескере отырып қабылданады.
50. Істі өзектендіру стандарт және ТЭА жіктеуіші әрбір өзгерту, қолданылу мерзімін ұзарту, қолданылу мерзімінің шектелуін алып тастау, стандарт және ТЭА жіктеуішін қолданыстан алып тастау бойынша құжаттардың келіп түсуі шамасы бойынша жүзеге асырылады.
51. Стандарттың және ТЭА жіктеуішінің, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістердің енгізілген күні стандарттың және ТЭА жіктеуішінің, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістердің енгізілуін қамтамасыз ететін қажетті іс-шаралардың іске асырылуын ескере отырып, оларды бекіткен күнінен бастап кем дегенде 6 (алты) айдан кейін белгіленеді.
52. Қолданылу мерзімі уақтылы ұзартылмаған стандарттар және ТЭА жіктеуіштері жарамсыз деп танылады.
53. Алдын ала стандарт тіркелген күнінен ерте қолданысқа енгізіле алмайды, бірақ бекітілген күнінен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмей қолданысқа енгізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 495 бұйрығына
2- қосымша
Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. «Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, жою, тіркеу белгілеу, баспадан шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі № 256 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 28 қыркүйекте № 4949 тіркелген, 2007 жылғы 24 қазандағы № 163 (1366) «Юридическая газета» газетінде, 2007 жылғы қыркүйек-қазан айларының Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жиынтығында жарияланған).
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі «Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, жою, тіркеу белгілеу, баспадан шығару ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2009 жылғы 24 наурыздағы № 82 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 15 сәуірде № 5636 тіркелген, 2009 жылғы 8 мамырдағы № 69 (1666) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі «Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, жою, тіркеу белгілеу, баспадан шығару ережесін бекіту туралы» № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 38 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6275 тіркелген, 2010 жылғы 25 тамыздағы № 344-347 (26190) «Егемен Қазақстан», 2010 жылғы 28 тамыздағы № 228 (26289) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған).
4. «Мемлекеттік стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 2 маусымда № 6274 тіркелген, 2010 жылғы 25 тамыздағы № 344-347 (26190) «Егемен Қазақстан», 2010 жылғы 27 тамыздағы № 226-227 (26287-26288), «Казахстанская правда», 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 231-232 (26292-26293) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған).
5. «Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, жою, тіркеу белгілеу, баспадан шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 123 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 16 мамырда № 6958 тіркелген, 2011 жылғы 22 маусымдағы № 195 (26616) «Казахстанская правда» газетінде, 2011 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жиынтығында жарияланған).
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 4 ақпанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8314 болып енгізілді.