Бұл рейтинг өндіріп алушыларға ең тәжірибелі және білікті жеке сот орындаушыны таңдауға мүмкіндік береді.
Рейтинг қабылданып жатқан шаралардың толықтығы мен уақытылы орындалуы, орындаушылық тәртібі, жұмыс тәжірибесі, мадақтаулары мен жазаларының саны, сертификатталған көмекшілердің саны және өзге де бағалау критерийлерінен құралған.
Өндіріп алушы лайықты жеке сот орындаушысын таңдап алғаннан кейін оған арыз жазып, мәжбүрлеп орындату үшін атқарушылық құжатты көрсетуі қажет.
Атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат борышкер жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша не оның тұрақты тұратын жері бойынша не жұмыс орны бойынша, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген жері не орналасқан жері бойынша ұсынылады.