Қоғам • 22 Қазан, 2019

ИИДМ: Автобус парктерінің тозуы 23%-ға төмендеді

240 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Индустрия және инфрақұрылдымдық даму вице-министрі Берік Камалиев автобус паркін жаңарту және жаңа жолаушылар вагондарын пайдалануға беру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

ИИДМ: Автобус парктерінің тозуы 23%-ға төмендеді

Берік Камалиевтің айтуынша, 2009 жылы жолаушылар вагондарының тозуы – 90%, 2014 жылы – 60% құрады. Қазіргі сәтте жолаушылар вагондарының паркі 2146 бірлікті құрайды.

«Бүгінде парктің тозуын біз 65%-дан 42%-ға дейін төмендеттік, 2025 жылдың соңына дейін 30%-ға жеткізуді көздеп отырмыз. Биыл 63 вагон сатып алдық, жыл соңына дейін тағы 43 вагон аламыз. Әрбір 5 жыл сайын 100 вагоннан сатып аламыз. Біз «Трансмашхолдинг» АҚ-мен ауқымды келісімшарт жасасқанбыз, вагондардың Қазақстанда жергіліктендірілуін қалаймыз», деді Б.Камалиев.

Сонымен қатар вице-министр әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау ісі жалғасатынын айтты.

«Бізде субсидия бөлінетін әлеуметтік бағыттар бар. Біз қазір темір жол көлігі туралы заң әзірлеп жатырмыз, онда бірінші мәселе жолаушылар тасымалын субсидиялау болады. ҚТЖ-да жолаушылар локомотивтерінің жаңа құрылымы құрылады», деді вице-министр.

«Нұрлы жол» бағдарламасының екінші кезеңі аясында 600 жолаушылар вагоны мен 144-ке жуық отандық локомотив сатып алуға  657 млрд теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарланған. Бұл шара жолаушылар паркінің тозу деңгейін біршама төмендетуге – 40%-ға дейін (2020 ж. деңгейге -5%), тартқыш жылжымалы құрамның тозуын 58%-ға дейін (2020 ж. деңгейге -9%) және магистралды теміржол желісінің тозуын 49%-ға дейін (2020 ж. деңгейге -5%) төмендетуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қайриден Нұркенов жолаушылар вагондары паркін жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты. Осы жылдың өзінде 60-тан астам жолаушылар вагоны сатып алынды, олар «Алматы – Маңғыстау», «Нұр-Сұлтан – Атырау» және «Нұр-Сұлтан – Сарыағаш» бағыттарында жүреді.

Сонымен бірге, Қ. Нұркенов автокөлік құралдарын дамыту аясында Жолаушылар автобустары паркін жаңартудың кешенді жоспары қабылданғанын атап өтті.

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру жалпы тозуды 65%-дан 42%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда тұрақты маршруттарда 12 мыңға жуық автобус жұмыс істейді және, сәйкесінше, автобустардың жартысынан көбі 7 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Бұл бағдарлама жаңартуды қарастырады», деді Қ. Нұркенов.

Оның айтуынша, 2 жыл ішінде тұрақты жолаушылар маршруттарында жұмыс істейтін шамамен 615 автобус сатып алынды, оның 45-і –  2018 жылы, биыл 570 сатып алынды.

2022 жылға дейін ел өңірлерінің автобус паркін жаңартуды қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 128,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Қаражаттар тасымалдаушыларға «Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) лизинг» АҚ арқылы жеңілдетілген несие бағдарламасы аясында 15% бастапқы жарнамен, 7% пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға беріледі.

Аталған шара 2025 жылға дейін қалалық автобус паркін 5000 бірлікке жаңартуға, тозу деңгейін 44%-тен 28%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ, отандық шығарушы зауыттардың өндірістік әлеуетін барынша көбірек пайдалануға жол ашады. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше