Спорт • 23 Қазан, 2019

Шайбалы хоккей: «Барыс» овертаймда жеңіске жетті

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Минскіде өткізген Нұр-Сұлтанның «Барысы» жергілікті «Динамодан» басым түсті. 

Шайбалы хоккей: «Барыс» овертаймда жеңіске жетті

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін Франсис Паре айдын иелерін алға шығарды. Десек те біздің жігіттер де қарап қалған жоқ. Сол кезеңнің аяқталуына алты секундтай ғана уақыт қалғанда Егор Петухов таразы басын теңестірді. Одан кейін таблодағы есеп өзгермей, ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады. Ал буллит соғу барысында «Барыстың» бағы жанды – 2:1. Жеңіс голының авторы – Даррен Диц.

Қазіргі кезде «Барыс» тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде бесінші орында келеді. Осы күнге дейін 19 кездесу өткізген олардың еншісінде 28 ұпай бар. Келесі ойында жерлестеріміз ертең Ярославльде жергілікті «Локомотив» клубына қарсы өткізеді.