Спорт • 23 Қазан, 2019

Футзал: Қазақстан өз құрамын жариялады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріне Қазақстанның қандай құрамда қатысатыны белгілі болды.

Футзал: Қазақстан өз құрамын жариялады

23-26 қазан аралығында Румынияның Пьятра-Нямц қаласында жерлестеріміз үш кездесу өткізеді. Қарсыластарымыз – Албания, Голландия және алаң иелері. Осы бәсекелерде ел намысын мына жігіттер қорғайды:

Қақпашылар – Игита («Қайрат») мен Александр Гуров («Аят»).

Қапталдағы ойыншылар – Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Дуглас, Дәурен Тұрсағулов, Біржан Оразов, Альберт Акбаликов («Қайрат»), Дінмұхамбет Сүлейменов, Арнольд Кнауб («Жетісу»), Лео, Тайнан («Спортинг», Португалия), Қайрат Иманалин («Ақтөбе») және Азат Валиуллин («Аят»).

Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Кеше