Ең қысқа әңгіме • 24 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ертұран Жұмақанұлы

9776 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ең қысқа әңгіме. Ертұран Жұмақанұлы

Тәңір табалдырығы

Ол ұяттан өртеніп кетті...

Арсыз әйел тәңір табалдырығынан аса алмады. Ол бәрін де көріп тұр. Үш сәбиі мен күйеуі кәрі апасымен қосылып, мәре-сәре күйде қалықтап ұшып бара жатқандай. Олар биіктей берді. Ал, ол болса барған сайын төмендеп, шөгіп барады. Кенет өкінгені соншалық адам айтқысыз қорланған түрде жалғыздықтан шексіз құсаланды да, бүк түсіп отырып қалды. Тас болған жүрегіне ұят шоғы түсіп, бара-бара бүкіл болмысы лаулаған отқа айналып кетті.

Оны өртеген ұят, өкініш, намыс  еді.

Орнында қалған бір уыс күлі тозаң болып, қою түтінді қараңғылыққа сіңді де, артында еш із қалдырмастан ғайып болды. Сол мезет биіктен бір дауыс үн қатты. Бұл жерде ұят әрқашан биікте тұрып үн қатады екен ау! «Адамдар», -деді ол дауыс. «Бұл дүние де ұяттан өртенгілерің келмесе, өткен өмірлеріңде ұятсыздықтың шоғын үрлемеңдер», дауыс үздіксіз қайталанды. Бірақ, бұл сәт қараңғылықта үйілген күлдер тау-тау болып қалған болатын.
Сіз ше, Тәңір табалдырығына даярсыз ба?

 

Ертұран ЖҰМАҚАНҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Жәдігер • Бүгін, 09:05

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Академик, ұстаз тағылымы

Тағзым • Бүгін, 08:35