Спорт • 26 Қазан, 2019

Кәсіпқой бокс: Садриддин Ахметов жеңіске жетті

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы, жастар арасындағы WBC нұсқасы бойынша алтын белбеудің иегері Садриддин Ахметов өзінің 10-жеңісіне қол жеткізді.

Кәсіпқой бокс: Садриддин Ахметов жеңіске жетті

Осыған дейін тоғыз жекпе-жек өткізіп, барлығында басымдық танытып, сегіз қарсыласын есінен тандырған 21 жастағы қандасымыз бұл жолғы бәсекесін Канаданың Квебек қаласында өткізді. Ол 31 жастағы мексикалық Джон Наварретемен жұдырықтасты. Қарсыласы сол күнгі дейін 51 рет шаршы рингке көтеріліп, 33 айқасты өз пайдасына шешкен. 15 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 16 рет жеңіліп, тағы екі жекпе-жекте тең есеп тіркелді.  

 

Квебектегі кездесудің басынан-ақ тізгінді өз қолына мықтап алған Садриддин Ахметов қарсыласына әбден  састырды. Мексикалық боксшы да жанкешті екен. Ол қайсар қазақтың ауыр соққыларын өзіне қабылдағанымен, көпке дейін шыдап бақты. Бірақ соңғы сегізінші раундаДжон Наваррете өзінің жеңілгенін мойындап, рингке шығудан бас тартты.