Спорт • 26 Қазан, 2019

Дзюдо: Жарыстың екінші және үшінші күндері жүлде бұйырмады

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Арабтар Әмірлігінің (БАӘ) астанасы – Әбу-Дабиде өтіп жатқан Гранд-Слэм жарысының алғашқы күні ең жеңіл салмақтабелдескен қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевтың бас жүлдені иеленгені жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз.

Дзюдо: Жарыстың екінші және үшінші күндері жүлде бұйырмады

Өкінішке қарай, одан кейінгі екі күнде бірде-бір балуанымыз жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Ерлер арасында 73 кило салмақта күрескен Жансай Смағұлов тұсаукесер кездесуінде швециялық Томас Макиастан ұтылды. 81 кило салмақтағы Руслан Мұсаев алғашқы айналымда Нидаят Хейдаровтан ұтылса, Дидар Хамза екінші кезеңде франциялық Омар Джалодан жеңілді.

Сол секілді қыздардан да қайыр болмады. Сол күндері боз кілемге шыққан Иоланта Бердібекова (63 кило) мен Зере Бектасқызы (70 кило) алғашқы айналымдардан аса алмады.