Медицина • 28 Қазан, 2019

Нұр-Сұлтанда «STOP Туберкулез» акциясы қорытындыланды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйек пен 23 қазан аралығында өткен  «STOP туберкулез» атты айлық акциясы қорытындыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Нұр-Сұлтанда «STOP Туберкулез» акциясы қорытындыланды

Әкімдіктің бастамасымен қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Акция мүшелері қаладағы халық көп жиналатын орындарды аралап, тексеру жұмыстарын өткізді. Оның ішінде қаладағы сауда орталықтары, базарлар және тұрғын үй алаптарын аралады. Дегенмен басымдық қала шетіндегі елді мекендерге берілді.

«Сондай-ақ қаладағы емханаларда ашық есік күні ұйымдастырылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары өткізілді. Одан бөлек, ЖОО да қамтылды, яғни 4 астаналық оқу орнында флюорографиялық тексеру жұмысы ұйымдастырылды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, туберкулез ауруына қарсы ұйымдастырылған акция 14 мың адамды қамтыды. «Акция нәтижесінде 75 адамнан туберкулез ауруының оң белгісі бар болып табылды. Арнайы тексерулерден кейін 9 адамнан туберкулез ауруының алғашқы белгісі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады. Алдағы уақытта жұмыс күндері тексеріле алмайтын азаматтар үшін демалыс күндері тексеру және анықтау шаралары ұйымдастырылатын болады», - деді ол.

Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығының мәліметіне сүйенсек, елордада соңғы 5 жылда аталған ауруға ұшырағандар саны 1,5 есеге қысқарған.

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55