Қазақстан • 28 Қазан, 2019

«Сырдария» университеті ұжымының үндеуі

504 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
«Сырдария» университеті ұжымының үндеуі

Құрметті Қазақ елі!

Елбасы бастаған тарихи кезеңдегі бет­­бұрыс баянды бол­сын! Жаңа же­тіс­­тіктер жақ­сылыққа жетелесін!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың «Сын­дарлы қоғамдық диа­лог – Қазақстанның тұрақты­лығы мен өркен­деуінің негізі» атты Жол­да­­уы – елдің саяси жаңғыруына жа­сал­ған сәтті қадам.

Сындарлы диалог пен ашық­тық – мемлекетті өрке­ниет­тілікке бағыт­тай­­тын басты те­мір­­қазық.

«Күшті Президент – ық­палды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси формуласы мен «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жы­рым­да­масы – мемлекет тұрақ­тылығының іргетасы.

Билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналған бұл құжат – тәуел­сіз Қазақ елінің ке­мелді келешекке деген көркем сенімі.

Қасиетті Жиделібайсында, Мыр­за­­шөлдің төрінде, алтын ал­қап­ты мақ­таның отаны Мақтааралда, жар­тығасырлық мерейтойын той­ла­ғалы отырған Жетісай қаласында орналасқан «Сырдария» университеті заманауи сұранысқа ие, бәсеке­лестікке қабілетті, жоғары білік­ті мамандар даярлайды.

Бұл оқу ордасы – күнгейлік жас­тар­дың білім күмбезі. Ал жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің тіре­гі, мемлекеттің ең белсенді бөлігі.

2020 жылдың Волонтер жылы болып жариялануы жас­тарға ерекше серпін сыйлады. Ерік­ті түрде қайырымдылық жа­сау, өзгеге сәуле сыйлау – адам­гер­ші­ліктің ең асыл үлгісі.

«Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары мен сту­дент­тері сіздерді Жолдауды қол­дау­ға және белгіленген мін­деттер мен іс-шараларды бір­лесе атқаруға шақырады!

Ұлы даланың жаңғыру мен жа­ңа­ру жолындағы жаңа белестерді бірге бағын­дырайық!

18.10.2019 жыл

Түркістан облысы,

Жетісай қаласы,

«Сырдария» университеті

 

Еліміздің ең оңтүстік қиырында, Өзбекс­тан мемлекетімен шекаралас Жиделібайсын жерінде, ақ алтынның отаны – Жетісай қаласында орналасқан «Сырдария» универ­ситеті Сіздің халыққа арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақ­тылығы мен өркендеуінің негізі» атты тұңғыш Жолдауыңызды еліміздегі жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып талқылап, 2019 жылдың 18 қазанында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Осы жиында Жолдаудағы басты бағыттарды жүзеге асыруға байланысты мақсат-міндеттер айқындалып, қарар қабылданды.

«Сырдария» университеті құрыл­ған­нан бергі 22 жылда Өзбекстан Респуб­ликасындағы 1 млн-нан астам қандастарға және Мырзашөлдегі 500 мыңдай халық үшін мектеп мұғалімдерін даярлап, жастарға жоғары білім беруде. Материалдық-техникалық базасы заманауи талапқа сай жабдықталған университет контингенті мемлекет құраушы ұлт өкілдері болғандықтан негізгі басымдық ағылшын тілін игеруге бағытталуда. Осы мақсатта Кембридж университетінде біздің оқу орнының орталығы ашылды. Профессор-оқытушылар мен студенттер айтулы ғылыми жетістіктерге қол жеткізуде. Археологтар бұрын-соңды зерттемеген ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласына археологиялық зерттеу жұмыстарын біздің университет ғалымдары жүргізіп, ғылыми айналымға енгізді. Жаратылыстану бағытында оқитын студенттер түрлі ғылыми байқау мен жобалардан жеңімпаз болып оралуда. Студенттеріміздің спорт пен өнерде жеткен табыстары да қомақты. Бітіруші түлектер түгелдей жұмыспен қамтылған.

Білім-ғылым іздеген Жетісай, Мақтаарал аудандарының жастары мен Өзбекстандағы қандас бауырларды жаңа өмірге жете­­­леуде «Сырдария» университетінің ұжымы Президенттің саясатын басшылыққа алады.

Халықаралық конференцияға қатысушы ғалымдар, профессор-оқытушылар және «Сырдария» университетінің студенттері Қазақстан ЖОО профессор-оқытушылары мен студенттеріне Президенттің Жолдауын басшылыққа алуға, белгіленген міндеттер мен іс-шараларды тыңғылықты бірлесе атқаруға шақырып, үндеу қабылдады.

Мемлекет басшысының ел болашағы мен Отанымызды көркейту жолындағы қызметіне абырой, мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, айтулы табыс тілейміз.

Құрметпен, «Сырдария»

университетінің ұжымы

18.10.2019 жыл

Түркістан облысы,

Жетісай қаласы,

«Сырдария» университеті