Спорт • 28 Қазан, 2019

Коньки: Әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коньки спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Дмитрий Бабенко биылғы маусымда өтетін Әлем кубогының кезеңдік сайыстарында қай шәкірттеріне сенім артатынын жария етті.

Коньки: Әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

Сонымен алдағы уақытта әлемнің бірқатар елдерінде жалауы желбірейтін дүбірлі додаларда мына конькишілер жарыс жолына шығады:

500 метр –Артем Крикунов, Роман Креч және Станислав Палкин 

1000 метр – Денис Кузин, Станислав Палкин және Роман Креч 

1500 метр – Станислав Палкин мен Дмитрий Морозов 

5 000 метр – Дмитрий Морозов, Виталий Щиголев және Демьян Гаврилов.

Сондай-ақ осы жарыстарда Екатерина Айдова мен Надежда Морозова сынды сақа спортшылар да бақ сынайды.