Әдебиет • 29 Қазан, 2019

Арбаған бізді ала доп

275 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордамыздағы Ұлттық музейде халықаралық «Өнердегі доп» арт-көрмесінің салтанатты түрде ашылуы өтті.

Арбаған бізді ала доп

 

Ресей Федерациясының Көр­ме Қазақстан Республи­касын­дағы ел­шілігі мен Қазақстан Республикасының Ре­сей Федерациясындағы елшілігінің қолдауымен өткізіліп отыр. Спорт пен көр­кем өнер­ді бір арнаға тоғыс­тырған жоба Халықаралық «Крафт-Павлов» заманауи өнерді қол­дау қайырымдылық қоры және Императорлық право­сла­виелік палес­тиналық қоғамның ұйым­дастыруымен жүзеге асты. Көр­меге қойылған картиналардың негізгі желісі жер бетіндегі миллиардтаған адам қызыға көретін футболдың жар­қын әле­міне құрылған.

Іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Бұл – екі жыл бойы белсенді түрде жүзеге асырылып келе жатқан, Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасындағы достық қарым-қатынасты көрсетіп, екі елдің мәдени байланыстарын арттыра түсетін жоба. «Өнердегі доп» көрмесі алғаш рет  2018 жылы Мәс­­кеуде фут­­бол­дан әлем чемпионаты  өтіп жатқан уақытта ұйым­дастырылып, үлкен же­тістікке жетіп, танымал болған еді. Көрмедегі керемет туындылар футбол­дан әлем чемпионаты кезіндегі сәулелі сәттерді еске салады», деді. 

Экспозицияда ресейлік жә­не шетелдік танымал су­рет­ші­­лердің футбол әле­­міне, оның гу­ма­нистік құнды­лық­­тарына арналған 100-ден астам туын­­дысы ұсы­нылды.

Парламент Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко: «Қазақстан мен Ре­сей арасында мәдени байланыс жо­ғары деңгейде екенін атап өткен жөн. Қарым-қатынастың бұл түрі екі ел арасындағы стратегиялық байланысқа оң ықпал етіп, бір-біріміздің жетіс­тігімізге ортақтасып, халықтар арасында өзара түсіністік орнатады. Бұл шара Ресей Федерациясы өткізген әлем чемпионатына арналады. Аталған дүбірлі чемпионат кезінде ұйқысыз түндер, түрлі тілектер, қолдаулар мен зор еңбек болды. Бұл көрменің ал­дағы уақытта өзге елдерде кеңінен насихатталып, үлкен жетістіктерге қол жеткізуіне тілектеспін», деп жылы лебізін жеткізді.

«Өнердегі доп» көрмесі алғаш рет FIFA-2018 футболдан әлем чем­­­пио­наты өтіп жатқан уақытта ұйым­дас­ты­рылып, халықаралық резонанс тудырды. «Жол картасы» Париж, Бейжің, Монако, Женева, Берлин, Лондон, Сеул, Баку және т.б. арқылы өтетін арт-көрменің әлемдік турнесі Нұр-Сұлтаннан бастау алды. «Өнердегі доп» арт-көрмесін 2020 жылғы жазда футболдан ЕВРО-2020 матчтары өтетін уақытта Санкт-Петербургтегі «Манежде» өткізу жоспарлануда.  Халықаралық арт-турненің мәрелік нүктесі футболдан келесі 2022 жылғы әлем чемпионатының қарсаңында Дохада (Қатар) болмақ.

 Жобаның ұйымдастырушылары Елена Крафт пен Елена Агапова  ха­­лықаралық аталған арт-жоба­ның қазақ жерінде өтуіне қолдау көр­сеткені үшін Қазақ­стан Рес­пуб­­ликасының Ресей Федерация­сын­дағы Төтенше және өкілетті ел­ші­сі Иманғали Тас­ма­ғам­бетов­ке ерек­ше алғысын білдір­ді. «Өнер­дегі доп» жобасының ұйым­дас­тыру­шы­лары сонымен қатар Қа­зақстан Респуб­ликасы Мәде­ниет және спорт министрлігінің, Қаза­қстан Респуб­ликасы Ұлттық музейінің, Қа­зақ­стан Футбол федерациясының бас­шы­лықтарына ризашылықтарын білдірді.