Спорт • 29 Қазан, 2019

Күрес: Адлан Асқаров жартылай финалға шықты

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияның астанасы – Будапеште күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем біріншілігі басталды.  

Күрес: Адлан Асқаров жартылай финалға шықты

Байрақты бәсекені еркін күрес шеберлері бастады. Алғашқы күні жарыс жолына шыққан жігіттеріміздің арасынан Адлан Асқаровтың ғана асығы алшысынан түсті. 57 кило салмақта белдескен жерлесіміз бастапқы сайыстардың барлығында қарсыластарына сан соқтырып, ширек финалда моңғолиялық Занабазар Занданбудты 7:5 есебімен ұтты. Енді Адлан жартылай финалда күш сынасады.

Ал Серік Бақытжанов (97 кило) пен Ілияс Жұмай (70 кило) ширек финалдық межеден аса алған жоқ. Серік ресейлік Шәміл Мұсаевтан ұтылса, Ілияс украиналық Алексей Борутаға есе жіберді. Ал Диас Асқар (79 кило) болса, алғашқы айналымда моңғолиялық Батзул Жамжинге жол берді.