Теннис • 29 Қазан, 2019

Теннис: Әлемдік рейтинг жаңарды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңарды. Ерлер арасында көш басында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бұрынғыша Сербияның саңлағы Новак Джокович алдына жан салмай келеді.

Теннис: Әлемдік рейтинг жаңарды

Екінші және үшінші орындарда испаниялық Рафаэль Надаль мен швейцариялық Роджер Федерер. Жалпы, біраз жылдан бері ең ірі додаларда дәл осы теннисшілердің алма-кезек жеңіске жетіп жүргенін жанкүйерлер жақсы біледі. Өзге ойыншылар тек ара-тұра ғана «майлы қазандыққа» қол сұғуда. Сондай-ақ Даниил Медведев (Ресей), Доменик Тим (Австрия), Александр Зверев (Германия), Стефанос Циципас (Грекия), Карен Хачанов (Ресей), Маттео Берретини (Италия) және Роберто Батиста-Агут (Испания) «ТОП-10» теннисшілердің қатарына еніп отыр.

Қазақстан құрама командасы мүшелері арасында АТР рейтингінде ең үздік көрсеткіш Александр Бубликке тиесілі. Ол үздіктер тізімінде 48 орында тұр. Еліміздің екінші ракеткасы Михаил Кукушкин үздіктер тізімінде 67 сатыда.

Әйелдер арасында австралиялық Эшли Бартидің бағы жанып тұр. Жасыл құрлық өкілін чехиялық Каролина Плишкова мен жапониялық Наоми Осака өкшелеп тұр. Сонымен қатар үздік ондықтың қатарында Бьянка Андрееску (Канада), Симона Халеп (Румыния), Петра Квитова (Чехия), Белинда Бенчич (Швейцария), Элина Свитолина (Украина), Серена Уидьямс (АҚШ) және Кики Бертенс (Голландия) сынды ойыншылар бар.

WTA рейтингінде «ТОП-10» теннисшінің қатарына үш отандасымыз еніп отыр. Олар – Юлия Путинцева (34 орын), Елена Рыбакина (37 орын) және Зарина Диас (79 орын).