Парламент • 29 Қазан, 2019

Сенатта мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі заң жобасы қаралды

15 реткөрсетілді

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып, онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенатор Михаил Бортник заң жобасы мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

«Қаралып отырған заң жобасы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді алуды оңайлату бойынша мемлекет саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді», - деді сенатор.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының тізілімінде қарастырылған мемлекеттік қызметтер саны үнемі өсіп келе жатқаны айтылды.  2007 жылдан бастап 2019 жылға дейін бұл тізімде 740 қызмет көрсетілген, бұл қызметтердің 72% электрондық түрде көрсетіледі. Бұл жүйені одан әрі жетілдіру үшін депутаттар тобы 47 заңнамалық актіге түзетулер әзірлеп, енгізетін болады.

Заң жобасымен мемлекеттік органдардың электрондық сипаттағы мемлекеттік жаңа қызметтерді көрсету жөніндегі құзыреті толықтырылады. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдері нақтыланады, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу қызметтері оңтайландырылады.

Одан басқа, банк және сақтандыру қызметтері субъектілеріне, кредиттік бюроға рұқсат беру тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ акциялар шығарылымын тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін оңтайландыру ұсынылады.

Отырыс қорытындысы бойынша заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар

Алтын Адам Афинада

Қазақстан • Кеше

Жастар жарады

Спорт • Кеше

Жерлестеріміз жоғарылады

Кәсіпқой бокс • Кеше

Фронт-кеңсе ашылды

Аймақтар • Кеше

Анаға тағзым етіңдер!

Руханият • Кеше

Он айдағы орнықты даму

Экономика • Кеше

Алматы аулалары абаттандырылады 

Аймақтар • 12 Қараша, 2019

Ұқсас жаңалықтар