Президент • 30 Қазан, 2019

Алматы қаласын дамыту – айрықша назарда

404 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Алматы қаласына жұ­мыс сапарымен келген Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ішкі жалпы өнімнің бестен бір бөлігін қамтып отырған алып мегаполистің тыныс-тір­шілігімен танысты. Шаһар­дың сан салада қол жеткіз­ген жетістіктерін сөз ет­кен Президент, жергі­лікті билікке қаладағы шеші­мін күткен түйткілді мәсе­лелердің түйінін тарқа­туды тапсырды.

Алматы қаласын дамыту – айрықша назарда

Мемлекет басшысының төра­ғалығымен өткен Алма­ты қаласын әлеуметтік-эконо­микалық дамы­туға бағытталған алқалы кеңеске бірқатар ведомство басшылары мен қала активі қатысты. Тарихы терең­де жатқан қала ел өмірін­де­гі еңселі сәттердің куәсі әрі азат­тықтың алтын бесігі екенін алға тартқан Президент мәде­ниет пен экономиканың күрета­мырына баланған көне шаһарды көркейту басты назарда екенін атап өтті.

– Алматы – Тәуелсіз Қазақ­станның іргесі қаланған қас­тер­лі мекен. Бәріміз үшін бұл ша­һардың орны бөлек. Мұн­да ел тағдырына қатысты ма­ңыз­ды әрі тарихи шешімдер қабылданды. Ата Заңымыз, мем­лекеттік рәміздер, ұлттық валю­тамыз осында бекі­тілді. Бү­гінде Алматы білім, ғылым, мәдениет және іскерлік орта­лығы ретінде дамып келеді. Соң­ғы жылдары қалаға жаңа аумақтар қосылып, көлемі 2 есеге ұлғайды. Халқының саны 20 пайызға өсіп, бір миллион сегіз жүз мың адамға жетті. Қалада басқа өңірлерден келген және осы төңіректе тұратын жарты миллионға жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. Қазір Алматыда банктердің, халықаралық ұйым­дар мен трансұлттық компа­ния­лардың бас кеңселері орна­ласқан. Осында ашылған Бірік­кен Ұлттар Ұйымының 17 меке­месінің өкілдіктері Орта­лық Азияның өңірлік хабына ай­налып отыр. Қаланың эконо­микалық, әлеуметтік, эколо­гиялық мәселе­леріне қатысты ауқымды жұмыс жүргізілді. Алдағы уақытта бұл бастамалар жалғасын табуы тиіс, – деді Қа­зақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгінде дүние жү­зін­дегі 600 қалалық агломерация әлемдік ішкі жалпы өнім­нің үштен екісін өндіріп отыр­ған­дығын, бұл ретте біздің іргелі қалаларымыз да ұлттық экономиканы дамытуға ауқымды үлес қосуға тиіс екенін баса айтты.

 – Бүгінгі таңда еліміздің ішкі жалпы өнімінің үштен бірі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі. Алматы тәуелсіздік жылдары ірі эконо­микалық орталыққа және рес­публикалық бюджеттің донорына айналды. Шаһар ішкі жалпы өнімнің бестен бірін, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің 20 пайыздан астамын және банктер беретін несиенің 60 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ еліміздегі кө­тер­ме және бөлшек сауданың 40 пайыздан астамы, сыртқы сауда айналымының 15 пайызға жуығы осы қалада жүргізіледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алматыны дамытуға бағыт­талған кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев, дегенмен бұл сандармен масаттанудың еш қажеті жоқ екенін, миллиондар тоғысқан мегаполисте әлі күнге дейін оңтайлы шешімін таба алмай келе жатқан өзекті проблемалар барын алға тартты. Бұл ретте Президент қала әкіміне көптен бері көкей­де жүрген көлік кептелісі, тұрғын­дарды алаңдатқан экологиялық ахуал, білім мен денсаулық салалар­ындағы шикіліктерді бірінші кезекте жолға қоюды тапсыр­ды. Әсіресе апатты жағ­дай­дағы мектептерді анықтап, ретке келтіру, балабақша жетіспеу­шілігі мәселесіне нүкте қою, ту­ристер үшін тиімді жағдай жасау, қала аумағына кейіннен қосылған Алатау, Наурыз­бай аудандарындағы халық­тың инфрақұрылымдық қажеттілік­терін қанағаттандыруды жүк­те­ді. Бұл ретте, күн санап ау­мағы өсіп келе жатқан алып мегаполистегі мәдени нысан­дар­дың саны мен сапасын арттыру жайы да назардан тыс қалған жоқ.

 – Кейінгі жылдары көлік инфрақұрылымын дамыту үшін көп жұмыс атқарылғаны мә­лім. Алайда, бірқатар күрделі мәсе­лелер де жоқ емес. Күн сайын 700 мыңға жуық автокөлік қала көшелерімен жүреді. Миллионнан астам адам тасымалданады. Әр күні қалаға 200 мыңнан астам автокөлік Қаскелең, Қапшағай, Талғар және Құлжа тас жолдары арқылы кіреді. Бұл Алматының кіреберісінде, таңертеңгі және кешкі уақыттарда кептеліс тудырады. Аталған проблема жолдарды қайта құру және кеңейту арқылы ғана емес, сонымен қатар перспективалы көлікті дамыту арқылы шешілуі тиіс. Метро желілерінің санын арттыру қажет. Сондай-ақ қалаға жақын аудандарды байланыс­тыратын қоғамдық көлікті дамыту керек. Қоғамдық көлік жолаушыларына ыңғайлы болу үшін аялдамаларға ақпарат тақ­таларын орнату маңызды, сонымен қатар смартфондарға арналған қосымшалар әзірлеу қажет, – деді бұл бағыттағы бас­тамалар жаңа заманауи көлік big data смарт-ақылды технологиялары негізінде құрылуы керектігін атап өткен Президент.

Шаһарда әлі де жарық­тан­дырылмаған көшелер бар екенін, арық жүйесін жетілдіру ісін жіті қолға алу керектігін сөз еткен Мемлекет басшысы, сондай-ақ «Іле Алатауы» ұлттық паркі аумағындағы жеке тұлғаларға заңсыз берілген жер телімдерін анықтап, алма бақтарды орынсыз отағандарға тиісті шара қолдануды міндеттеді.

– Мұндайға жол берілмеуі керек. Өкінішке қарай, бұл тиісті органдардың салғырттығы салдарынан болып отыр. Іле Алатауының бөктерінде алма бақ­тарын сақтау және өсіру мәселесі ерекше бақылауға алынуы керек. Бұл – Алматы қаласы мен бүкіл Қазақстанның игілігі. Қала маңын­дағы табиғатты қорғау аймақ­тарына түгендеу жүргізіп, олар­ды пайдаланудың қатаң рәсім­дерін белгілеу қажет. Әкім­дік қаланы көгалдандыру және аты аңызға айналған Алматы апор­тын қалпына келтіру жұмыс­тарын жандандыруы тиіс. Әйгілі Ботаникалық бақты – қаламыздың өзіндік символын қалпына келтіру қажет, – деді Президент.

 Өкінішке қарай, ел аумағында Алматы қылмыс саны бойынша көш бастап тұрғанына тоқталған Президент бұл проблеманы тез арада еңсеру керектігін айтып, көлік айнасын ұрламақ болған қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан Денис Теннің өлімін мысалға келтірді. «Сын түзелмей мін түзелмейді». Мұндай сал­ғырттыққа жол берілмеуі керек. Алматыны қауіпсіз қалаға айналдыру басты назарда», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жастардың қаласы екенін айта келіп, студенттер үшін жатақхана тапшылығы мәселесін түбегейлі реттеуді тапсырды.

 Президент бизнес пен инновацияны дамыту есебінен қала экономикасының жоғары өсімін қамтамасыз етудің ма­ңыз­дылығын басты міндет ретінде айтты. Аталған бағыт бойын­ша қаладағы атқарылған жұмыс­тарға тоқталған Мемлекет басшысы қаланың индустриялық аймағында 33 компания тір­кел­генін және 156 миллиард теңгеден ас­там инвестиция салынғанын мы­салға келтірді. Президент аталған аймақ құрылған 7 жыл ішінде небәрі 6 жаңа кәсіпорын іске қосылғанына, биыл тек 1 шағын зауыт қана жұмыс істей бастағанына назар аударды.

Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкіміне индус­трия­лық аймаққа, әсіресе жоға­ры технологиялық және экс­портқа бейімделген жаңа жобалар тартуға кеңес берді. Инно­вацияны дамытудың және тың жобаларды енгізудің маңыздылығына тоқталып, қалада жетекші университет­тер шоғырланғанын және ғылы­ми әрі кадрлық әлеуеті жақсы екенін атап өтті. Бұл ретте ол осы салада маңызды әзірле­ме­лердің жоғына назар аударып, Ал­матыдағы «Инновациялық тех­нологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың әлеуе­тін пайдалануды тапсырды.

Қазақстан Президенті қала­дағы бизнес ахуалды жақсарту жә­не оның инвестициялық тар­тым­дылығын арттыру жөніндегі жұ­мыстарды жандандыру, шағын және орта бизнестің да­муына ке­дер­гі келтіретін проб­лемаларды ше­шу­дің маңыз­дылығын атап өтті.

– Кәсіпкерлер арасында жүр­гізілген сауалдама нәтижесінде көптеген көрсеткіштер бойынша қала жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігі, сыбайлас жемқорлықты азайту, тексерулердің негізділігі жөнінен артта қалып келеді. Шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсету, түрлі кедергілерді алып тастау міндеті қала әкімдігінің мойнында қала береді. Алматы еліміздің басты іскерлік орталығы мәртебесін сақтауы тиіс, – деді Президент.

Сондай-ақ қаланың тари­хи-символикалық мұра­сына баланатын трамвай жолда­ры­ның сүрілгенін сынға алған Қа­сым-Жомарт Тоқаев көп­тен талқы­ланып келген «Көк­жайлау» жобасынан толыққанды бас тартуды тапсырды.

Президент баса назар аудар­ған тағы бір мәселе – Алма­тыны саяхатшылар үшін тартым­ды қа­лаға айналдыру. Осы мақ­сатта шетелдіктерге жергілікті көші-қон органдарына тіркелу рәсі­мін алып тастау ұсынылды. Ал қалаға электр қуатымен жү­ретін автобустарды кедендік төлем­дерсіз әкелу қажеттігі атап өтілді. Эко­логиялық проблема­ларды оңтай­ландыру мақса­тында қалада қоқыс өңдейтін зауыттар салуды жүктеді.

 Басқосу барысында биылғы жылдың 9 айындағы дамудың негізгі нәтижелеріне және күн тәр­тібінде тұрған түйінді мәселе­лерге тоқталған Алматы қаласы­ның әкімі Бақытжан Сағынтаев атқарылған шаруалар туралы баяндады. Әкімнің айтуынша, соңғы көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық да­мудың оң динамикасын көрсетіп отыр. Алғашқы жартыжылдықта жалпы өңірлік өнімнің өсімі 4,1%-ды құраған. Бұл ретте қаланың өнеркәсіп саласы 5,9%-ға, инвестиция – 5,5%-ға, құрылыс – 3,1%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 2,8%-ға өскен.

Инфляция 3,3%-дан аспайды. Жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға дейін төмендеді. Жыл басынан бері 29,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Салықтық әкім­ші­лендіруді жақсарту есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салық өткен жылға қарағанда 12,4%-ға көп жиналды, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев экология мәселесі барша қала тұрғындарын алаң­датып отырғанын атап өтті. «2018 жылы қоршаған ортаға шығарылған зиянды заттардың жалпы көлемі 123 мың тоннаны құрады, оның ішінде ЖЭО-2 үлесі 27% болды. Қазіргі уа­қытта «Самұрық-Энерго» АҚ қолданыстағы стансаны газға ауыстыруды көздейтін тех­никалық-экономикалық негіз­деме әзірлеуде. Жобаны іске асыру арқылы атмосферадағы зиян­ды шығарындылардың үлесін 17 есе азайтуға мүмкіндік бар. Осы жобаның әлеуметтік ма­ңы­зын ескере отырып, «Са­мұ­рық-Қазынаға» сәйкес құжат­тама­лар әзірленіп болған соң бар­лық процедураларды тездетуді тапсыруыңызды сұ­рай­мын», – деді Б. Сағынтаев.

Алматының өткені мен бүгіні, алдағы даму жоспары кеңінен талқыланған кеңесте Қазақстан Президентінің кө­мекшісі Аида Балаева, Премьер-Минис­тр­дің орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайы­лов, Индустрия және инфра­құ­рылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған бір­қатар ведомство басшылары Алматының бүгінгі ахуа­лы мен алдағы дамуына қа­тыс­ты өз ұсыныстарын ортаға салды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­қа «Алматы – 2050» даму стра­тегиясының жобасын таныстырды. Аталған бағдарлама бойынша Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық тұр­ғыдан дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орында­рын ашу, тұрғындардың тұр­мы­сын жақсарту, қауіпсіз қала қалыптастыру, шаһардың шет­кері аймақтарының инфра­құ­рылымын дамыту және басқа да көптеген маңызды мәселелер атқарылады. Сондай-ақ жобада Алматы агломерациясы аума­ғының даму барысы да қарастырылған.

 Шара шеңберінде Қасым-Жомарт Тоқаев баспана кезе­гін­де тұрған, асыраушысы жоқ 12 балаға пәтер кілтін табыс етті.

– Баршаңызға жаңа қоныс­тарыңыз құтты болсын! Баспана мәселесі әрдайым мемлекеттің назарында болады. Еңбектеріңіз табысты болсын! – деді пәтер иелерін құттықтаған Мемлекет басшысы.

 Сонымен қатар Алматыға жұ­­мыс сапары аясында Пре­зи­дент «Tech Garden» инно­ва­ция­лық клас­тер орталы­ғы­ның жұ­мысымен танысты. Онда Мем­лекет басшысына ин­новациялық кластер орталы­ғында орналасқан 4 техноло­гиялық лаборатория, 50-ден аса IT компаниялар мен бірқатар стартап жобалар туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Инновациялық кластердің жұ­мысына 284 ұйым бірік­тіріл­ген. Олардың қатарында 23 жо­­ғары оқу орны, 25 ғылы­ми-зерттеу орталығы, 2 техно­парк,
1 даму институты, «Инно­ва­­ция­лық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына қарасты 166 компания, 1 бір­лес­кен инвестициялық қор және 66 ұйым бар. Мемлекет басшысы Tech Garden орталығының жұ­мы­сын жоғары бағалап, алда­ғы бастамаларына сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысы шаһар­дағы «Мүгедек балалар ата-ана­ларының ассоциациясы» қоғам­дық бірлестігінің БСЦА бала­ларға арналған белсенді оңалту жә­не ерте жастан қолдау орта­лығы­на барып, арнаулы ма­ман­дармен әңгімелесті. Онда Пре­зи­дентке БСЦА-мен науқас­тан­­ған балаларды көпжақ­ты оңал­ту­ға және жан-жақты әлеу­меттік тұр­ғыдан жетілді­руге бағыттал­ған қанатқақты жобаның жүзеге асы­рылу барысы баяндалды. Соңында Мемлекет басшысы Орта­лық­қа арнайы жабдықталған шағын автобус тарту етті.

Мемлекет басшысына Алма­ты қаласындағы «Инвес­тиция үйінің» негізгі қызметтері жа­йында мәлімет берілді.

Қазақстан Президентіне кә­сіп­керлікті қолдауға арналған «Qoldaý» орталығының, «Alma­ty Finance», «Almaty» микро­қаржы ұйымдарының бизнесті өркендету бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баян­далды.

Кәсіпкерлікті дамытуға ба­ғыт­талған орталықтарды аралап көрген Президент Қасым-Жо­март Тоқаев қолға алынған бас­та­малардың табысты жүзе­ге асы­рылуына тілектестік білдір­ді.

Мемлекет басшысы әл-Фа­­ра­би атындағы Қазақ ұлт­тық уни­верситетіне барды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Жағ­даяттық басқару орталығының жұмы­сымен, жоғары оқу орны­ның цифрлы технология­ны енгізу жөніндегі жетістік­тері­мен, сондай-ақ бизнес-құ­зы­рет­­тілікті дамыту кластерімен та­нысты.

Мемлекет басшысы сту­денттік кампус аумағында орна­ласқан «Керемет» қызмет көрсе­ту орталығын аралап көрді. Бұл орталық «бір терезе» қағидаты бо­йынша студенттер мен оқы­ту­шыларға 500-ден астам қызмет түрлерін ұсынады. 

Айта кетейік, жұмыс сапа­рының екінші күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденция­сында бірқатар кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

 

АЛМАТЫ