Қисық шеге
Құрылысқа керек зат іздеп Бөрібай базарға барды. Шеге сатып тұрған саудагерге келіп:
– Айналайын, ескі шеге неге жаңасынан қымбат?
– Аға, ескі әрі қисық шегені бір түзетіп алып қаға бересіз, ал жаңа шегені қағасыз, ол майысады, жұлып алып қайта қағасыз. Екі жұмыс емес пе?
– Солай ау! – деп, көпті көрген құрылысшы Бөрібай басын қасыды...
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ