Қоғам • 30 Қазан, 2019

«Бақытты отбасы» жобасының берері көп

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда  «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталықтары іске қосылғалы бері жобаға 5 мыңнан астам аз қамтылған және көпбалалы аналар тіркеліп, 1200 ге жуық қысқа мерзімді курстарға қатысқан.

«Бақытты отбасы» жобасының берері көп

Сонымен қатар 1500 адам аталған орталықтан психологиялық көмек  алған болса, 1600 азаматқа құқықтық қолдау көрсетіліпті. Үш мыңнан астам отбасы азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз етіліп, бірреттік жәрдемге ие болған.

«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев аналарға арналған әлеуметтік орталықтарды қаладағы 8 ауданда ашуды тапсырған болатын. Мұнда көпбалалы аналар өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша келеді. Орталыққа әсіресе атаулы әлеуметтік жәрдемақы алу ісімен тұрғындар көптеп жүгініп жатады. Оларға жан-жақты қолдау жасалып, көмек көрсетілуде. 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы көпбалалы аналарды жұмыспен қамту ісі де қарастырылған», – дейді Алматы қаласы Әуезов ауданы «Baqytty Otbasy» орталығының басшысы Ақнұр Жұмабаева.

Айта кетсек, «Бақытты Отбасы» орталығы – аз қамтылған көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

 

 

АЛМАТЫ