Гөбеклітепе Түркияның Шанлыурфа қаласынан 21 шақырым қашықтықта Өренджик ауылы маңында орналасқан. 1963 жылы Ыстанбұл және Чикаго университеті бірлесе отырып жүргізген зерттеу жұмыстары кезінде анықталып, оған «V52 неолиттік мекен» деген ат берілді.
1994 жылдан кейін жүргізілген жұмыстар барысында кейін алаңның аса құнды жәдігер екендігі нақтыланды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде Гөбеклітепенің 12 000 жыл бұрын салынған ғибадат орны екені белгілі болды.
Бұл ғибадатхананы ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығына дейінгі кезеңде аңшылар тұрғызған деп есептеледі. Қала тұрмысына әлі қадам баса қоймаған уақытта салынған Гөбеклітепе соңғы уақыттағы «ең ауқымды археологиялық жаңалық» ретінде қабылданды. Шамамен 12 мың жыл бұрын қалай жасалғаны белгісіз ғибадатхана Мысыр пирамидасынан 7 100 және Англиядағы Стоунхенджден шамамен 6 600 жыл бұрын салынған.
Гөбеклітепе туралы ғылыми деректер археологияда неолиттік кезеңге қатысты теориялық негіздер мен даталандыруды қайтадан қарау қажеттілігінен мәлімет береді. Оның орналасқан жері, ауқымы, датасы мен ғимараттарының монументальдығы жағынан ғимарат неолиттік дәуір үшін ерекше саналады.
ЮНЕСКО-ның 2018 жылы өткен «42 Әлемдік мұра» сессиясы отырысында Гөбеклітепенің ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізу туралы шешімі қабылданды.