Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел.

Таяуда Алматы қаласында Халықаралық түрме реформасының Орталық Азиядағы Өңірлік өкілдігінің қолдауымен «ІІ Орталық Азиялық диалог: түрмедегі адамдар санын азайту және пробация қызметін дамыту» халықаралық конференциясы өтті. Онда пробация жүйесінің маңыздылығы, тиімділігі туралы кеңінен сөз болды.
Жалпы, біздің елімізде ең алғаш рет «пробация» ұғымы 2012 жылдың 15 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында қолданылған. Дегенмен, аталған халықаралық конференция барысында Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев атап көрсеткендей, Қазақстанда алғаш рет 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» Заңның қабылдануына орай пробацияның қолданылу аясы анағұрлым кеңейе түскен. Оның одан әрі қарайғы дамуы Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 33-қадамының аясында жүзеге асырылды. Нақтырақ айтсақ, 2016 жылғы желтоқсанда «Пробация туралы» заң қабылданып, пробацияның әлеуеті мен өзектілігі артты. Бұдан бөлек, сол жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы бекітілді.
Бұл кешенді стратегияның мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды кешенді әлеуметтендірудің ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге ықпал ететін тиімді жағдайларды жасау.
Елімізде түрмеден шыққандарға әлеуметтік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған. Осы орайда айта кетейік, әлеуметтік-құқықтық көмек, ол – пробацияның есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені. Осы жылдың басынан бері еліміздің барлық өңірінде пробация қызметінің есебінде тұрған елу мыңнан аса сотталған адам әлеуеметтік-құқықтық көмектер алған көрінеді.
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудегі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психологиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады.
Пробация қызметкерлерінің тиімді әрекеттерінің арқасында 2019 жылдың 10 айының көрсеткіші бойынша есепте тұрған 7,5 мың адам жұмысқа орналасса, 11 мың адамға ем алуға көмек көрсетілген. Сондай-ақ 130 адам білім, 30 мыңға жуық жан психологиялық көмек алды. Айта кетейік, пробация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, есепте тұрғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдармен, азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара әрекеттесе отырып атқарылатын қызмет түрі.
Азаматтардың қылмыстық сот төрелігіне түсуін азайту, қылмыстық жазалау шараларын азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасалған, жаңа Қылмыстық кодексте бірқатар санкциялар жеңілдетіліп, сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату уақыттары азайтылды.
ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, еліміздегі пробация қызметтерінің бақылауында 35 мыңға жуық адам есепте тұр. Пробация, ол – есепте тұрған адамдарға пробациялық бақылау және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету түрінде жүзеге асырылады. Қазақстанда жыл сайын пробация қызметінің есебінен 50-60 мыңдай адам өтеді.
Жиында белгілі болғандай, 2019 жылдың басынан бері сотталғандардың арасында қайта қылмыс жасау 20,1%-ға азайған. ҚАЖ комитетінің мәліметінше, сотталғандардың қайта қылмыс жасауына олардың түзу жолға түсуге деген ниетінің жоқтығы, тұрақты жұмыс орнының болмауы, ішімдікке салынуы түрткі болады. Сондай-ақ қылмысқа барудағы алғашқы салдарды анықтап қарағанда, көбіне сотталғандардың әлеуметтік бағыттан алшақтауынан, яғни тұрмыстық проблемаларының дұрыс жолға қойылмағандығынан қайта қылмыс жасау орын алады.
Саясат • Кеше
Коронавирус қайталануы мүмкін бе?
Коронавирус • Кеше
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Тұтылып тұрып, құтылып кеткені қалай?!
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қыздар, қыздар... » әні қалай өмірге келді?
Өнер • Кеше
«...Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін»
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Экология • Кеше
Биылғы жылдың «Барысы» – Исағабылов
Күрес • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Kids Go Free: 300-ден астам бала тегін ұшты
Қоғам • Кеше
Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды
Аймақтар • Кеше
Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Коронавирус • Кеше
Президент стрестік активтер нарығын дамыту бойынша заңға қол қойды
Президент • Кеше
Президент волонтерлік қызмет туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Алматы қаласының жаңа бренді жасалады
Аймақтар • Кеше
Елордада туристік ақпараттық орталық ашылады
Туризм • Кеше
Олжас Сыдықбек жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазы анықталды
Әдебиет • Кеше
Шымкентте Қонаев даңғылы ашылды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады
Президент • Кеше
Алматыда «Бақорда» базарынан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Кеше
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар