Руханият • 31 Қазан, 2019

Қарағандыда «Мың бала» конкурсының жеңімпаздары анықталды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала»  республикалық жобасы аясында облыстық «Мың бала» байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауға қатысқан оқытушылар, оқушылар мен студенттер және этномәдени бірлестіктердің өкілдері 4 аталым бойынша сайысқа түсті.

Қарағандыда «Мың бала» конкурсының жеңімпаздары анықталды

Қазылар алқасының шешімімен «Тіл мектебі» аталымы бойынша Жамбыл атындағы ММИ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Шәрипа Қапашева жеңімпаз атанды. «Асыл сөз» аталымында бас жүлде Шахтер кентіндегі К.Шайменов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Виолетта Головастаяға бұйырды. Шахтинскідегі Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Жанна Сеченева «Sen de bir kirpish dúnіege...» аталымы бойынша үздік шықты. Ал облыс орталығындағы № 93 гимназияның 8-сынып оқушысы Карина Пантузенко «Ózіm týraly» аталымы бойынша топ жарды.

Еске салсақ, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы әр түрлі ұлттардың балалары мен жастарына мемлекеттік тілді үйренуге, қазақ тілі мен мәдени ортасына шығуға, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар олар қазақ тіліндегі фильмдер мен мультфильмдерді қарайды, шығармашылық жобаларды қорғайды, театрландырылған қойылымдар қояды, байқаулар мен жарыстарға қатысады.