«Алматы азаматтық қоғам институттарының халық арасында жерлеу шығындары туралы сауалнама жүргізілді. Респонденттердің 80 пайыздан астамы ысырапқа жол берілетініне қарсы шықты. Алайда мамандардың айтуы бойынша, қиын жағдайда тұрғанына қарамастан елден қалмаудың амалын ойлап, жерлеу, ас беру шығындарын қысқартпайды. Керісінше, «мен неге одан қаламын?» деп, жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысады», деді Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Елнар Иігіліков.
Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ысырапшылдықпен күреспек. Осыған байланысты «жеңілдетілген ас беру мәзірін» бекітуге ұсыныс жасап отыр. Оған арнайы жүргізілген зерттеу себеп болған. Яғни, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 80 пайыздан астамы жерлеу рәсімдері кезінде кең дастархан жаю дәстүріне қарсы шыққан көрінеді.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше