Қоғам • 01 Қараша, 2019

Өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды

476 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан Республикасында терроризм мен экстремистік амалдарға қарсы қылмыстық саясатты дамыту шаралары» деген тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда экстремистік іс-әрекет пен терроризмге қарсы іс-қимылдың саясатын жетілдіру мәселелері қаралды.

Өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Аталған дөңгелек үстел жұмысы үш бағытта жүргізілді: экстремизм мен терроризмге қарсы саладағы қылмыстық саясат; терроризм және экстремистік амалдарға қарсы әрекет ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; экстремистік және террористік бағыттағы қылмыс үшін халықаралық практикадағы жазаларды қолдану. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары М. Ахметжанов, Қазақстандағы ЕО елшісі С. Карлссон, Қазақстандағы Нидерланд елшісі А. Карстен және БҰҰ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстанда БҰҰ-ның 19 лаңкестікке қарсы конвенциясын жүзеге асыру бойынша талдамалы шолу ұсынылды және Қазақстан Республикасында экстре­мистік және террористік бағыттағы қыл­мыстарды талдау бойынша зерттеу нәтижелері таныстырылды. Сондай-ақ 29 қазан күні Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Ашита Митталмен кездескен еді.  Сонда тараптар Қазақстандағы БҰҰ ЕҚБ ағымдағы жобаларын іске асыруды, сондай-ақ өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады және контртерроризм мен қылмыстың алдын алу саласындағы жаңа бірлескен жобаларды іске қосу туралы уағдаласты. Алматыда есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлес­тіру орталығының (ОАӨАҮО) жұмыс істеу мәселелері қозғалды.

Енді А. Миттал Қазақстанға сапары ая­сында БҰҰ ЕҚБ делегациясының Қазақ­стандағы қылмыстық сот төрелігі жүйесін нығайту саласындағы мемле­кеттік органдардың өкілдерімен кезде­сулері, сондай-ақ 2019 жылғы 31 қазан мен 1 қараша аралығында Қарағанды облысындағы пенитенциарлық мекемелерге баруы жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта ЕҚБ Қазақстанда «экстремистік және террористік бағыт­тағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеу бойынша күш-жігерді қол­дау және пенитенциарлық меке­мелердегі зорлық-зомбылықты туындататын радикалдаудың алдын алу» және «Жусан» гуманитарлық операциясы шеңберінде Сириядағы соғыс қи­мылдары аймағынан қайтарылған балаларға көмек көрсетуге бағытталған бірқатар бірлескен жобаларды, «балаларды террористік және әскери экстре­мистік топтармен азғыруға және пайдалануға қатысты алдын алу және әрекет ету шаралары» жобасын жүзеге асыруда.