Аймақтар • 01 Қараша, 2019

Алтайда «Шығыс – адалдық алаңы» фронт-кеңсесі ашылды  

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудандар арасында алғаш ашылған фронт-кеңседе тұрғындарға кеңес беріледі, тиісті құжаттар қабылданады.

Алтайда «Шығыс – адалдық алаңы» фронт-кеңсесі ашылды  

 

Жақында Алтай ауданында «Шығыс адалдық алаңы» фронт-кеңсесі ашылды. Аудан әкімдігінің ғимаратында орналасқан кеңседе жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылары мен мамандары жұмыс істейтін болады. «Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес аудандар арасында алғаш ашылған фронт-кеңседе тұрғындарға кеңес беріледі, тиісті құжаттар қабылданады. Фронт-кеңсеге жүгінген қала тұрғындары «бір терезе» принципі бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қызмет ала алады» деді кеңсенің ашылуында сөз сөйлеген Алтай ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов.

фронт

Фронт-кеңсенің ашылу салтанатына арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин «Шығыс адалдық алаңы» кедергісіз орта жасауға, басшылардың жауапкершілігін күшейтуге, тұрғындарға жайлы жағдай жасауға және қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін бірегей жоба екендігін атап өтті.

алтай

«Бұл жоба мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын, ең бастысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелеріне, азаматтардың мемлекеттік билік органдарына сенімін арттыруға бағытталған» дейді ол.

Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай ауданы