Спорт • 01 Қараша, 2019

Атыраулықтар әлем чемпиондарына ат мінгізді

99 реткөрсетілді

30 қазан күні Атырауға «FIGHT NIGHTS GLOBAL»  чемпионы Жалғас Жұмағұлов пен М-1 чемпионы Сергей Морозов келді, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қос чемпион «Жайық» спорт кешенінде мұнайлы астанадағы жанкүйерлерімен  кездесті.

-Атырауға келген сайын бізді жоғары деңгейде күтіп алады. Бүгінгі кездесуді ұйымдастырып жатқан барша ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Өздеріңіздей бізді қолдайтын ел барда, әрқашан жеңіске жететінімізге сенімдімін, - дейді Сергей Морозов.

Сондай-ақ кездесу барысында чемпиондар жанкүйерлердің сауалдарына жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Менің  FIGHT NIGHTS-пен келісім шартым аяқталды. Ендігі кезекте UFC-ға шығуға жұмыстанып жатырмын. Келесі жылы шығып қалуым мүмкін, - дейді Жалғас Жұмағұлов.

Спорт саңлақтарына атыраулықтар құрмет көрсетіп, ат мінгізді.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 19 қазан күні Сочи қаласында өткен аралас жекпе-жектен ресейлік Әли Багаутиновпен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Осылайша, өзіне тиесілі Fight Nights Global чемпиондық титулын сақтап қалды.  Сонымен қатар 19 қазан күні, Сергей Морозов американдық Джош Реттингхауспен кездесу өткізді. Төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен Сергей М-1 Global титулын қорғап шықты.

Соңғы жаңалықтар

Мырқымбай

Әдебиет • Кеше

Қаламгермен кездесті

Әдебиет • Кеше

Қарашадағы қоңыр өлең

Аймақтар • Кеше

Ақша аударымын тексереді

Экономика • Кеше

17,5 мың құйма алтын сатылды

Экономика • Кеше

Алтыншы раундта жеңді

Кәсіпқой бокс • Кеше

Ұқсас жаңалықтар