Спорт • 01 Қараша, 2019

Күрес: Марина Седнева қола медальді иеленді

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияның астанасында әйелдер арасында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы (U-23) әлем біріншілігінде Марина Седнева қола медальді иеленді.  

Күрес: Марина Седнева қола медальді иеленді

55 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміздің тұсаукесер кездесудегі қарсыласы – гвинеялық Кумба Сау боз кілемге шығудан бас тартса, ширек финалда ол польшалық Алиша Чижовичтің (11:0) тас-талқынан шығарды. Жартылай финал қытайлық Лануан Луодан (2:12) ұтылған қазақстандық балуан үшінші орын үшін бәсекеде канадалық Клара Гонзелестен (7:0) айласын асырды.  Осы салмақтың бас жүлдесін жоғарыда есімі аталған Аспанасты елінің аруы жеңіп алды. Финалда ол жапониялық Саки Игарашиге сан соқытырды.

Әйелдер күресі өкілері арасында Жамиля Бақбергенованың да жеңіс тұғырына көтерілуне жақсы мүмкіндігі бар. 74 кило салмақта күш сынасқан қаракөзіміз жартылай финалда кубалық Марин Портельеге есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін таламады.