Спорт • 01 Қараша, 2019

Күрес: Жалпы есепте Қазақстан жетінші орында

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрес шеберлері Будапеште өтіп жатқан 23 жастағы балуандар арасындағы әлем чемпионатын (U-23) қорытындылады.

Күрес: Жалпы есепте Қазақстан жетінші орында

Жалпы командалық есепте Ресей құрамасы көш бастады. Олар 145 ұпай жиды. Екінші орында – Иран. Парсы елінің өкілдері 139 ұпайды қоржынға салды. Үшінші сатыға Әзірбайжанның балуандары табан тіреді. Қап тауы қырандары 111 ұпайды еншіледі. Төртінші және бесінші орындарды Грузия (109 ұпай) мен Моңғолия (70 ұпай) иеленсе, алтыншы сатыға Жапония (65 ұпай) жайғасты. Ал Қазақстан құрамасы 65 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ «ТОП-10» команданың қатарына Түркия (60 ұпай), Украина (58 ұпай) және АҚШ (57 ұпай) қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның еркін күрес шеберлері әлем чемпионатында қос қола медальға қол жеткізді. 57 кило салмақ дәрежесінде белдескен Адлан Асқаров күміс медальді мойнына ілсе, 125 кило салмақта күш сынасқан Юсуп Батырмұрзаев қолаға қол созды