Қоғам • 01 Қараша, 2019

Қызылордалық инспектордың отбасына ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені табысталды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьерлерді ұстау барысында мерт болған Қызылордалық иниспектор Әділ Кенжеғұловтың отбасына арнайы барып, көңіл айтты. Үш жыл бойы ашылмай келген қылмысты ашып, қылмыскерлерді ұстау барысында қаза болған қаhарманның әкесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін тапсырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қызылордалық инспектордың отбасына ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені табысталды

«Әділ Кенжеғұлов биыл 25 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында браконьерлерді қуып келе жатқанда қызметтік көлік аударылып қаза тапқан болатын.  Мемлекет пен халықтың қазынасы табиғат байлығын көзінің қарашығындай қорғаған батырды халқымыз ешқашан ұмытпайды. Бұл құрмет тұтас халықтың батыр азаматы алдындағы парызы», делінген хабарламада.