Спорт • 01 Қараша, 2019

Шайбалы хоккей: «Барыс» тағы да ұтылды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» қатарынан төртінші кездесуде жеңілістің кермек дәмін татты.

 

Шайбалы хоккей: «Барыс» тағы да ұтылды

Бұл жолы жерлестерміз Нұр-Сұлтанда Екатеринбургтің «Автомобилист» клубын қабылады. Кездесудің 7-минутында Джефф Платт қонақтарды алға шығарды. 26-минутта Егор Шалапов есепті теңестірді. 39-минутта Брукс Мэйсек мергендік танытты.

Үшінші кезең басталған бетте «Барыстың» ойыншысы Аркадий Шестаков есепті теңестірді. 2:2 50-минутта «Автомобилист» қайта алға шықты. Бұл голдың авторы – Павел Дацюк. 55-минутта біздің команданың капитаны Даррен Диц гол соқты. Осылайша, қонақтардың үш рет алға шыққанына қарамастан, жерлестеріміз қарымта қайтарды.

Алайда овертаймда Екатеринбургтен келген хоккейшілердің бағы жанды. Кезінде «Барыстың» сапында ойнаған Найджел Доус жеңіс голын соқты. Нәтижесінде «Барыс» өз айдынында 3:4 есебімен жеңіліс тапты.        

Қазіргі кезде «Барыс» тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде жетінші орынды қанағат тұтуда. Осы күнге дейін 23 кездесу өткізген олардың еншісінде 30 ұпай бар. Келесі ойында жерлестеріміз ертең Нұр-Сұлтанда Мәскеудің ЦСКА клубына қарсы өткізеді. 

Соңғы жаңалықтар