Спорт • 01 Қараша, 2019

Кім мықты: Ковалев па, әлде «Канело» ма?

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері төрткүл дүние жанкүйерлері WBO нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақ дәрежесінің чемпиондық белбеуі үшін ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекті тағатсыздана күтіп отыр.

Кім мықты: Ковалев па, әлде «Канело» ма?

Қос саңлақ Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 3 қарашаның таңында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы әйгілі Мэдисон Сквер Гарден кешенінде жұдырықтасады. «Канело» деген лақап есімді иеленген 29 жастағы Мексиканың сайыпқыраны осы күнге дейін 55 жекпе-жек өткізді. 52 мәрте жеңіске жетіп, бір рет ұтылды. Екі бәсекеде тең есеп тіркелді. «Талқандағыш» деген бүркеншік есімді иеленген 36 жастағы Ресей спортшысы 38 мәрте рингке көтеріліп, 34 рет жеңіске жетті. Үш рет ұтылып, бір тартыс тең есеппен аяқталды. 

Жаңа ғана осы бокс кешінде айтулы қос саңлақтың есеп-шотына түсетін қаражат мөлшері белгілі болды. Чемпиондық тәж үшін шаршы алаңғы шаққан Сауль Альварес 35 миллион АҚШ долларын алса, Сергей Ковалевқа небары 3 миллион ғана бұйырады екен.

Лас-Вегаста өтетін сол жарыста орта салмақтағы Қазақстанның өрені Мейірім Нұрсұлтановтың Мексиканың өкілі Кристиан Оливаспен жұдырықтасатынын да естеріңізге сала кетейік. WBC (USNBC) нұсақасының алтын белбеуіне таласқаны үшін қандасымыз 12,5 мың долларды иемденеді. Оның қарсыласы жерлесімізден 500 доллардай кем алады.