Хоккей • 04 Қараша, 2019

«Барыстың» жолы болар емес

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы кезекті тур ойынын «Барыс Аренада» өткізіп, Мәскеудің ЦСКА командасына ірі есеппен есе жіберді.

«Барыстың» жолы болар емес

Екі команда арасындағы кездесудің бірінші кезеңі тең аяқталды. Шабуылшылар таблодағы нәтижені өзгертуге қанша тырыс­қанымен, қорғаушылар мен қақпашылар сәтті өнер көрсетті. Дей тұрғанмен «Ба­рыс Аренаға» жиналған 11 мыңға жуық жанкүйер ойынның екінші және үшінші кезеңінде үш голдың куәсі болды. Екінші кезеңнің соңғы минутында Богдан Кисе­ле­вич «Барыс» қақпашысы Эдвард Паскуа­лені сан соқтырып, командасын алға шығарды.

Кездесудің үшінші кезеңі өте тартысты басталды. Матчтың 52-минутында Михаил Григоренко мергендігімен көзге түсіп, есепті еселесе, 58-минутта Кирилл Капризов ойындағы соңғы әрі командасының жеңіс шайбасын соқты. Қорытынды есеп – 0:3. 24-турдан кейін «Барыс» турнир кестесінде 30 ұпаймен төртінші орында келеді. Жерлестеріміз келесі кездесуін 12 қарашада «Северсталь» клубымен өткізеді.