Экономика • 04 Қараша, 2019

Навигациялық пломбалардың көмегімен транзиттік екі заң бұзушылық анықталды

212 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Навигациялық пломбалардың көмегімен транзиттік екі заң бұзушылық анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Навигациялық пломбалардың көмегімен  транзиттік екі заң бұзушылық анықталды

Қырғызстандық тасымалдаушылар ілеспе құжаттарда Ресей Федерациясын соңғы пункт ретінде көрсеткен. Алайда, тауар (жаңа піскен алмұрт және алма) Нұр-сұлтан және Қарағанды қалаларының базарларынан табылды. Екі жағдайда да жөнелтуші бір заңды тұлға екен.

Бірінші жағдай Нұр-сұлтан қаласындағы «Шарын» базарында тіркелді. Навигациялық пломба тауардың бағыттан ауытқуы туралы сигнал берген. Жүк тиелген фура екі күн бойы қозғалыссыз тұрған екен. Бұл туралы диспетчерлер МКК экспорттық бақылау басқармасы қызметкерлеріне хабарлады. Кейінірек көлік базарға 2019 ж. 31 қазан күні келгені анықталды.

2019 жылы 3 қарашада базар аумағында транзиттік жүкті сату фактісі тіркелді.Навигациялық пломбаның арқаны кесіліп, тіркеменің есігі ашылған. Шекарадан өткенде жүк көлігінде 19,3 тонна жеміс болған. Елорданың базарында оның 10 тоннадан астамы сатылып үлгерген.

Түсініктемеде жүргізуші маршрут бойымен көлік және рефрежератор бірнеше рет істен шыққанын айтты. Бұл туралы ол тауар иесіне хабарлаған. Өз кезегінде ол астаналық базарға шығып, тауарды сатуды ұсынған. Қазіргі уақытта Қарағандыдан келе жатқан тауар иесі Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданы бойынша МКБ-на түсініктеме беріп, ҚҚС сомасын төлейді.

Транзиттік заң бұзудың екінші жағдайы Қарағандыдағы «Шығыс» базарында анықталды. Жүргізуші навигациялық пломбалау қызметі диспетчеріне көліктің бұзылуы туралы хабарлаған. Сөйтіп, өнім тез бұзылатындығына байланысты жемістерді сатуды ұйғарды. Осы мәселе бойынша Қарағанды облысы бойынша қызметкерлерімен бірлесіп, базар әкімшілігі ҚҚС төлеуге міндеттелді.

Жалпы, аталған заң бұзушылықтар үшін жүргізушілер ӘҚБтК-нің 573-бабының  4-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді.