Аймақтар • 05 Қараша, 2019

Жауынгерлік даярлықтарын пысықтады

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» полигонында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің лагерьлік жиыны аяқталды.

Жауынгерлік даярлықтарын пысықтады

Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондары әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің 200-ге жуық әскери қызметшісі іс жүзінде жауынгерлік мақсаттағы мәселелерді пысықтады. Оған 50-ге жуық әскери техника жұ­мыл­­ды­рылды.

Әскери қызметшілер ЗУ-23-2 зениттік қондырғыларынан және тасымалданатын зениттік-зымыран кешенінен жауынгерлік және оқу-жаттығу атыстарын, зениттік-артиллериялық взводтар атыстарын және зениттік дивизионның тактикалық жатты­ғу­ларын орындады, сондай-ақ жа­уынгерлік үйлестірудің соңғы кезеңін пысықтады.

Жиын барысында да­йын­дығы жақ­сы бөлім­ше­лер­ді анықтау үшін арна­йы сайыс ұйымдастырылды. Әс­ке­­ри қызметшілер зе­­­нит­­тік-артиллерияның атыс кур­­сы бо­йынша теориялық ере­же­лерінен біліктіліктерін көр­се­­тіп, такти­ка­лық және арнайы даяр­лық бойынша көрсеткіштерін орындады.

«Батыс» өңірлік қол­­басшы­­лығының әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бастығы, подполковник Руслан Нұ­рах­метовтің айтуынша, Атырау қаласы әскери бөлімінің зенитшілері үздік нәтижеге қол жеткізген.

Өткізілген жауынгерлік атыс­тар мен тактикалық оқу-жат­ты­ғулардың нәтижелері бойын­ша зе­ниттік бө­лім­ше­лер­дің коман­дир­­лері олар­ды жауын­гер­­­лік әзір­­­лікке кел­­тіру ке­зінде, жауын­­герлік іс-қи­мыл­дарды да­йын­­­дау және жүр­­гі­зу кезінде әс­кер­­­­лерді бас­қа­­­руда жаңа прак­­тикалық тә­­жі­­ри­бе алды. Зе­­ниттік диви­зион­­­дар­дың тактикалық жаттығулары жақсы даярланған бөлімшелерді анық­тау­­ға, сондай-ақ әуе шабуы­лы­на қарсы қорғаныс әскери қыз­мет­­шілерін даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін жұмыс жос­па­рын анықтауға мүмкіндік берді.