Спорт • 05 Қараша, 2019

Әлем кубогында қола медаль алды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен Әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық спортшы Абзал Әжғалиев жарыстың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Әлем кубогында қола медаль алды

Абзал Әжғалиев 500 метр қашықтықты 39,881 уақытта бағындырып, қоржынға қола жүлдені салды. Айта кетерлігі, ол мұндай нәтижемен жарыста үшінші орын алып қана қоймай, ел рекордын жаңартты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды
У Дацзин (Қытай) жеңіп алса, екінші орынға Мажарстан спортшысы Шандору Шаолиню Лю ие болды.

Сондай-ақ 1000 метр қашықтық бойынша Қазақстан сапынан Еркебұлан Шамұханов сынға түсіп, жарысты 10-орында аяқтады.