Қазақстан • 05 Қараша, 2019

Ауыр атлетика: Анатолий Храпатыйдың турнирі аяқталды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда даңқты ауыр атлет, Сеул Олимпиадасының жеңімпазы, Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем және Еуропаның бес дүркін чемпионы Анатолий Храпатыйдың еске түсіруге арналған халықаралық турнир аяқталды.

Ауыр атлетика: Анатолий Храпатыйдың турнирі аяқталды

Айтулы жарыстың ерлер сайысында Қарағанды облысынан келген өрендердің қарқыны күшті болды. Осы өңірден шыққан Кирилл Староверкин (81 кило) мен Артем Антропов (96 кило) алдарына жан салмады. Сондай-ақ қызылордалық Евгений Ломанов (89 кило) пен өскемендік Ринат Қалиақберов (102 кило) өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

Әйелдер арасында ақмолалық Диана Жүсіпбекова (55 кило) мен Екатерина Столяренко (71 кило)  және шығысқазақстандық Дария Павлова (64 кило) алтыннан алқа тағынды.

Сонымен қатар дәл сол күндері 23 жасқа дейінгі зілтеміршілер арасында Қазақстан біріншілігі өтті. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстың екеуінің де командалық есебінде Қызылорда облысының өкілдері бас жүлдені жеңіп алды.