Әлем • 05 Қараша, 2019

Нью-Йорк марафоны мәреге жетті

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та ұйымдастырылған әйгілі Нью-Йорк марафоны өз мәресіне жетті. 125 мемлекеттен келген 50 мыңнан аса желаяқтың қатысуымен өткен жарыста Кения спортшылары жеңіс тойын тойлады.

Нью-Йорк марафоны мәреге жетті

Ерлер арасында Джеффри Камворор Кипасангқа тең келер ешкім табылмады. 26 жастағы жартылай марафоннан үш дүркін әлем чемпионы, кросстан дүниежүзілік доданың жеңімпазы Нью-Йорктегі жарысты 2 сағат, 08 минут және 13 секундтық көрсеткішпен қорытындылады. Кипсангтың командалық әріптесі Альберт Корир екінші орынды иеленді. 25 жастағы атақты желаяқтың нәтижесі – 2:08.36. Үшінші орынды Эфиопияның мақтанышы Гирма Бекеле Гебре еншіледі. Оның уақыты – 2:08.38.

Әйелдер арасындағы жарыста да Кенияның қара маржандары дара шықты. Бас жүлдені 2:22.38 секундтық көрсеткішпен Джойсилин Джепкосгеи жеңіп алса, Мэри Кейтани (2:23.32) мәре сызығын екінші болып қиып өтті. Үшінші орынды эфиопиялық Рути Ага (2:25:51) иемденді.