Салығын уақытылы төлемегендер мен қарызын өтемегендердің тізімі интернетте жұрт көретін борышкерлер тізіміне жарияланады. Салық органдары берешек пайда болғаннан кейін 20 жұмыс күні ішінде жеке тұлғаның атына хабарлама жібереді. Егер хабарламаны алғаннан кейін 30 жұмыс күні өткеннен соң салық берешегі өтелмесе, онда салық органы оны өндіріп алу туралы бұйрық шығарады және 5 жұмыс күнінен кешіктірмей оны жеке тұлғаға жібереді.
Егер салық бұйрығын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде борышкер салық берешегін өтемесе, онда уәкілетті орган мұндай бұйрықты сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындату үшін жібереді. Сот салық бұйрығын алған кезде борышты өндіріп алуды мәжбүрлеп орындату рәсімін бастайды. Оның барысында банк шоттарындағы мүлік пен ақшаға тыйым салыну, елден тыс жерлерге шығуға тыйым салыну қарастырылған.
Салық берешегін өтеуден басқа, жеке тұлға қарыз сомасының кемінде 20% мөлшерінде сот орындаушысының қызметін де төлеуі қажет болады.