Спорт • 06 Қараша, 2019

Кәсіпқой бокс: GGG Шерметамен жұдырықтасуы мүмкін

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде барлық БАҚ өкілдері Қазақстанның әйгілі кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкиннің польшалық Камил Шерметамен жұдырықтасатыны жайында жарыса жазуда. Ал сол спортшы жайында біз не білеміз?

Кәсіпқой бокс: GGG Шерметамен жұдырықтасуы мүмкін

11 қазанда 30 жасқа толған Камил 2012 жылдан бері кәсіпқой рингте күш сынасып жүр. Сол аралықта 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бес кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Осы табысының арқасында орта салмақта Еуропа чемпионы деген атаққа қол жеткізді.

Соңғы рет ол 5 қазанда Нью-Йорктегі әйгілі Мэдисон Сквер Гарден кешенінде Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасында өткен жекпе-жектің андеркатында мексикалық Оскар Кортесті екінші раунда техникалық нокаутпен ұтты. Бүгінгі таңда Польша боксшысы WBC пен WBA нұсқалары бойынша үздік үштіктің қатарында.

Кезінде Камил Шерметаның әуесқойлар арасында да тәуір жұдырықтасқанын айта кеткен абзал. Әлі есімізде, 2010 жылы Польшада өткен Феликс Штамның мемориалының финалдық сайысында айтулы боксшы қазақтың мақтанышы Серік Сәпиевпен кездесті. Сол бәсеке поляк жігітінің пайдасына шешілген еді. 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Стартаптар серпілісі

Digital • Бүгін, 08:45

Қазақ тіліндегі алғашқы жинақ

Басылым • Бүгін, 08:43

Нүктесі қойылмаған нота

Тұлға • Бүгін, 08:38

Бабадан мирас бұл мейрам

Мереке • Бүгін, 08:35

Ешқашан ескірмейтін шығарма

Әдебиет • Бүгін, 08:33