Спорт • 06 Қараша, 2019

Теннис: Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попконың қарқыны қуантарлық

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері әлемнің бірқатар елінде теннисшілер арасында түрлі турнирлер өтуде. Сол жарыстарда Қазақстанның өрендері де өнер көрсетіп жатыр.

Теннис: Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попконың қарқыны қуантарлық

Словакияның астанасы – Братиславада ұйымдастырылған «Челленджер» санатындағы турнирде Михаил Кукушкин үшінші кезеңге жолдама алып отыр. Алғашқы айналымдағы қарсыласын қапы қалдырған ол екінші ойында бельгиялық Киммер Коппеянстың тас-талқанын шығарды. Небары 57 минутқа созылған сайыс 6:0, 6:2 есебімен аяқталды.

Дәл сол жарыста бақ сынаған Александр Недовесов тұсаукесер кездесуінде украиналық Илья Марченкоға есе жіберді – 5:7, 6:7.

АҚШ-тың Ноксвилл қаласында өтіп жатқан додада Дмитрий Попконың қарқыны қуантарлық. Бастапқы бәсекеде колумбиялық Роберто Киросқа сан соқтырған жерлесіміз келесі кезеңде әлемнің 118 ракеткасы, италиялық Паоло Лорецимен шеберлік байқасты. Бұл тартыс Попконың пайдасына шешілді – 4:6, 6:2, 6:4.