Спорт • 06 Қараша, 2019

Футбол: Австрияға қарсы қандай құрамда ойнаймыз?

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қарашада Мария-Энцерсдорф қаласында футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы 2021 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Австрияның аруларымен шеберлік байқасады.

Футбол: Австрияға қарсы қандай құрамда ойнаймыз?

Айтулы кездесуде бас бапкер Рәзия Нүркенова жетекшілік ететін жерлестеріміз мынадай құрамда өнер көрсетеді:

Қақпашылар – Оксана Железняк («БИИК-Қазығұрт») пен Ирина Сандалова («Восход», Украина);     

Қорғаушылар –  Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей) Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет («Оқжетпес»), Екатерина Бабшук, Мария Демидова және Александра Бурова («БИИК-Қазығұрт»);

Жартылай қорғаушылар –  Карина Жұмабайқызы («Согдиана», Өзбекстан), Аида Гайстенова («Звезда-2005», Ресей), Адиля Вылданова, Кәмилә Құлмағамбетова, Светлана Бортникова, Зулейра Әбішева ( «БИИК-Қазығұрт»), Әселхан Тұрлыбекова («Оқжетпес»), Әйгерім Айтымова және Ксения Хайрулина (№8 СДЮСШОР);

Шабуылшылар – Сәуле Қарибаева («БИИК-Қазығұут»), Анастасия Власова («Оқжетпес») және Светлана Ступина («Жас Қыран»).