07 Қараша, 2019

Өзін өзі жұмыспен қамтығандар қалай сақтандырылады?

501 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев журналистермен кездесуінде оңтүстік астана жарна аудару жағынан республика бойынша көш бастап тұрғанын жеткізді. 2017 жылдың 1 шіл­­десінен 2019 жылдың 25 қазаны аралығында «Әлеуметтік меди­­циналық сақтандыру қорына» түскен жарна 222,3 млрд тең­гені құраған.

Өзін өзі жұмыспен қамтығандар қалай сақтандырылады?

Оның 213,4 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,9 млрд теңгесі – жеке кәсіпкерлер мен аза­маттық-құқықтық келі­сім­шарт негізінде еңбек ете­тін тұл­ға­ларға тиесілі. Бұл көрсет­кіш жинақ­талған соманың бес­тен бір бөлігін құрайды. Қор мәлі­мет­теріне сүйенсек, 2017 жыл­дың шілдесінен 2019 жылдың 25 қа­занына дейінгі аралықта Ал­маты қаласынан Қорға 45,9 млрд теңге жарна аударылған. Оның 43,4 млрд теңгесін жұмыс беру­шілердің аударымдары құрайды.

Тілеухан Әбілдаев атап өткен­дей, 2020 жылы оңтүстік аста­налықтарға арналған меди­ци­налық көмекке бөлінетін қаржы бір жарым есе немесе 45,5 млрд теңгеге артады. Биыл қала бо­йынша тегін медициналық көмек­ке бюджеттен 116,8 млрд теңге бөлінген. Ал 2020 жылға қарай 160,4 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық бағытында нормативтік-құқықтық база жасалып, үш деңгейлі медициналық көмек жүйесі бекітілді, сондай-ақ қажетті ақпараттық жүйелер іске қосылған. Сонымен қатар дайындық барысында өзін өзі жұмыспен қамтыған тұр­ғын­дарды сақтандыру жүйе­сіне тарту жұмыстары да жүргі­зілуде. Қазірдің өзінде Қор келі­сім­шарттар мен қосымша келісімдерді жедел атқару қызметтерін іске қосқан. Биылғы тамыз айынан бастап жекелеген құжаттар ЭЦҚ арқылы жасалуда. Ондағы мақсат – медициналық қызметтерді сатып алу жұмыстарының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету және де жемқорлықтың алдын алу. Сонымен қатар бү­гінде сақтандыру төлемдері тұ­рақты аударылмағандықтан, халық­тың 7 пайызға жуығы сақтан­ды­рыл­маған болып саналады. Деректер елімізде өзін өзі жұ­мы­спен қамтыған 1,1 млн адам­ның бар екенін көрсетеді. Нақ­ты айтқанда, ресми жұмыс істе­мейтін, жеке кәсіпкер ретін­де тіркелмеген, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде қызмет көр­сетпейтін тұлғалар. Десек те, олар өз бетінше жарна аудару құ­­­қы­­ғына ие. Жарна мөлшері ең тө­­менгі жалақының 5 пайызын қ­ұрай­ды. Сондай-ақ бірыңғай жиын­тық төлем арқылы төлеуге болады.

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) елімізде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Жиынтық төлемнің ішінде өзге де әлеуметтік төлемдерге қоса сақтандыру жарнасы да бар. Бұл жалпы соманың 40 пайызын құрайды. БЖТ – республикалық маңызы бар қалалар үшін бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2525 теңге, ауылдық жерлер үшін – 0,5 АЕК немесе 1263 теңге көлемінде белгіленген. Төлемнің бұл түрін фрилансерлер, сантехниктер, құрылысшылар, такси жүргізушілері, т.б. төлей алады. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы жетекшісінің орынбасары Данияр Әлкебайұлы атап өткендей, қалада мәртебесі анықталмаған 55 мыңнан астам азамат тұрады. Оның 12 мыңы – жалдамалы жұмыскерлер болса, 15,6 мыңы – өзін өзі жұмыспен қамтығандар, ал 8,8 мыңы – ресми тіркелмеген жұмыссыздар. Бүгінге дейін бірыңғай жиынтық төлем төлегендер саны 5,9 мыңды құрайды. Бірыңғай жиынтық төлемді egov.kz порталы арқылы онлайн режімде, сондай-ақ кез келген екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелері арқылы төлеуге болады. Жыл басында енгізілген жиынтық төлем аталған санаттағы азаматтардың бәріне МӘМС жүйесіне қаты­сып, толыққанды көмек алуға мүм­кіндік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап толыққанды іске қосылады.

АЛМАТЫ