Қоғам • 07 Қараша, 2019

Жыл соңында Байқоңырдағы ғарыш кешенінің аты өзгереді

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылдың соңында Байқоңырдағы Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Жыл соңында Байқоңырдағы ғарыш кешенінің аты өзгереді

Байқоңырдағы «Союз-6», «Союз-5» орташа және орташадан ауыр зымырандарды ұшыру үшін салынып жатқан ғарыш-зымыран кешеніне Назарбаев атын беру идеясы Ресей басшысы Владимир Путинге тиесілі. 

«Екі елдің бірлескен жобасының атын ауыстыру мәселесін Президент Әкімшілігімен пысықтап жатырмыз. "Бәйтеректі" "Назарбаев старт" деп ауыстыру үшін үкіметаралық келісімге өзгеріс енгізу керек. Президент Әкімшілігінен қарсылық болмаса жыл соңында протоколга қол қойылады», - деді Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин.

Осыған дейін Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Байқоңыр қаласының дамуымен танысып, "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозинмен "Назарбаев старты" жобасын талқылағанын Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлаған болатын.

2019 жылы 7 қыркүйекте Мәскеу қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі барысында ресейлік тарап "Бәйтерек" жобасын "Назарбаев старты" деп қайта атауды, сондай-ақ, оны тиімді іске асыру үшін "Союз-5" және "Союз-6" зымыран тасығыштарын ұшыру үшін бірегей стартты, сондай-ақ пилоттау бағдарламасын алып тастауды қарастыратын жаңа жағдайларды қарастыруды ұсынған еді.

Байқоңыр кешені және Назарбаев старты деп өзгертуге байланысты жұмсалатын шығындарды қай ел төлейтіні  әзірге белгісіз.

 

АЛМАТЫ