Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Әскери медициналық орталығы өз мерейтойын атап өтті. Осыған байланысты мерекелік шара ұйымдастырылып, онда әскери медицинаның дамуына өлшеусіз үлес қосқан мамандар мен орталықтың жетістіктері айтылды.

Орталықта өз ісінің шебері, білікті әскери дәрігерлер мен ғалымдар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда бұл жерде 50 қызметкер, 11 сарапшы, 9 оқытушы мен жоғары санатты 6 дәрігер қызмет етуде. Екі қызметкер медицина ғылымдарының кандидаты, ғалым дәрежесін иеленсе, бір PhD дәрігер бар.
Орталық Азияда теңдесі жоқ бұл әскери медицина орталығының тарихы 1969 жылдың 1 қарашасында Алматы қаласында Орта Азия әскери округінің округтік сот-медициналық зертханасы құрылғанда басталды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оны ҚР ҚМ Орталық медициналық зертханасы деп атады. Ал 2010 жылы мекеме өзінің қазіргі атауын алды.
Мекеме әскери медицина саласында қосымша білім беруді қамтамасыз етеді, біліктілікті арттыру және курстық даярлау саласындағы ұйымдастыру және оқу-әдістемелік жұмыстарға жауап береді. Қарулы Күштердің медициналық құрамына әскери-медициналық даярлықта, сот-медициналық, патологоанатомиялық, химиялық-токсикологиялық және гистологиялық зерттеулер жүргізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
2011 жылдан бастап оның құрамына Қазақстан Қарулы Күштері медицинасы құрамындағы интернатура қосылды. Бұдан басқа, орталық ІІД, Ұлттық ұлан және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне медициналық көмек көрсетуді үйретеді.
Ұжым өзінің жетістіктерін мақтан етеді. Жыл сайын нұсқаушы-оқытушы құрамы әскери-медицина эстафета бойынша халықаралық сайыстарға қатысу үшін Қарулы Күштердің құрамын дайындауға қатысады. 2019 жылы Орталықтың дәрігерлер құрамы ІІ орынға ие болды.
Оқытушылар БҰҰ миссиясы үшін бітімгершілік дайындауға қатысады. Медициналық қызмет подполковнигі А.Асылханов және Б.Халмуратов және аға сержант Ә.Оразханов Ливанға аттанар алдында бітімгершілік ротасының әскери-медициналық дайындығына қатысты.
Тәжірибе мен білімге қарамастан, Әскери медицина орталығы әрдайым даму үстінде. Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы 5 жылдық ынтымақтастық жоспары негізінде осы жылы жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсету бойынша ITLS халықаралық курсы сертификаттаудан өтіп, аталған курстарды өткізуге арналған заманауи құрал-жабдықтар алды.
Қазақстан • Кеше
Азық-түлік белдеуінің әлеуеті нығайып келеді
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Экономиканы несиелеу өсе бастады
Экономика • Кеше
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазақстан • Кеше
Газ мәселесінің түйіні тарқатылады
Экономика • Кеше
Консорциум мүмкіндігі тағы төмендеді
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр
Аймақтар • Кеше
Ата-ана және ұрпақ тәрбиесі: Кінә мен реніш
Қоғам • Кеше
Балалар бәсекелестігіне байыппен қарасақ...
Қоғам • Кеше
Оңалту орталығына оң көзқарас қажет
Медицина • Кеше
Абай • Кеше
Руханият • Кеше
«Қилы заман» қалай түсіріліп жатыр?
Кино • Кеше
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарқынды жүргізілуде
Медицина • Кеше
Есірткі саудасы өршіп, пәтер тонау азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Мұқан және оның туған топырағы
Қазақстан • Кеше
Технология • Кеше
11 елді мекенде мобильді интернет жоқ
Аймақтар • Кеше
Байрақты бәсеке жалауын көтереді
Спорт • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Полиция Ұзынағаштағы атысқа қатысты пікір білдірді
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Екібастұз қаласының әкімі қызметінен кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда гендерлік көрсеткіш жақсарып келеді
Қазақстан • Кеше
ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті
Үкімет • Кеше
11 жастағы қыз Бадам өзеніне батып кетті
Оқиға • Кеше
Қызылорда облысы прокурорының үш орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылдады
Үкімет • Кеше
Киберфутболдан Қазақстан құрамасы FIFAe рейтингінде жоғарылады
Қазақстан • Кеше
Елордада Ұлы дала даңғылындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
«Ақбақай» алтын шығару фабрикасының екінші кезеңі іске қосылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар