Қоғам • 08 Қараша, 2019

Әскери медициналық орталыққа – 50 жыл

821 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Қорғаныс ми­нис­­трлігінің Әскери меди­циналық орталығы өз мерейтойын атап өтті. Осыған байланысты ме­рекелік шара ұйым­дас­тырылып, онда әскери меди­цинаның дамуына өлшеусіз үлес қосқан маман­дар мен ор­талықтың жетістіктері айтылды.

Әскери медициналық орталыққа – 50 жыл

Орталықта өз ісінің шебері, білікті әскери дәрігерлер мен ғалымдар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда бұл жерде 50 қызметкер, 11 сарапшы, 9 оқытушы мен жоғары санатты 6 дәрігер қызмет етуде. Екі қызметкер медицина ғылымдарының кандидаты, ғалым дәрежесін иеленсе, бір PhD дәрігер бар.

Орталық Азияда теңдесі жоқ бұл әскери медицина орта­лы­ғының тарихы 1969 жыл­дың 1 қа­ра­шасында Алматы қаласында Орта Азия әскери округінің округ­­тік сот-меди­ци­­налық зертханасы құ­рыл­ғанда басталды. Қазақстан тә­уелсіздік алғаннан кейін оны ҚР ҚМ Орталық медициналық зертханасы деп атады. Ал 2010 жылы мекеме өзінің қазіргі атау­ын алды.

Мекеме әскери медицина саласында қосымша білім беруді қамтамасыз етеді, біліктілікті арттыру және курстық даярлау саласындағы ұйымдастыру және оқу-әдістемелік жұмыстарға жауап береді. Қарулы Күш­тердің медициналық құрамына әскери-медициналық даяр­лықта, сот-медициналық, пато­логоанатомиялық, химия­лық-токсикологиялық және гис­тологиялық зерттеулер жүргізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

2011 жылдан бастап оның құрамына Қазақстан Қару­лы Күштері медицинасы құ­ра­­­мындағы интернатура қо­сылды. Бұдан басқа, орталық ІІД, Ұлттық ұлан және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қыз­метшілеріне медициналық көмек көр­сетуді үйретеді.

Ұжым өзінің жетістіктерін мақтан етеді. Жыл сайын нұ­с­қаушы-оқытушы құ­ра­мы әскери-медицина эстафета бойынша халықаралық сайыстарға қатысу үшін Қарулы Күштердің құрамын дайындауға қатысады. 2019 жылы Орталықтың дәрігерлер құрамы ІІ орынға ие болды.

Оқытушылар БҰҰ миссиясы үшін бітімгершілік дайындауға қатысады. Медициналық қызмет подполковнигі А.Асылханов және Б.Халмуратов және аға сержант Ә.Оразханов Ливанға аттанар алдында бітімгершілік ротасының әскери-медициналық дайындығына қатысты.

Тәжірибе мен білімге қа­ра­мастан, Әскери медицина ор­талығы әрдайым даму үстінде. Қа­зақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы 5 жыл­дық ынтымақтастық жос­пары негізінде осы жылы жа­рақаттар кезінде медициналық көмек көрсету бойынша ITLS халықаралық курсы сертификаттаудан өтіп, аталған курстарды өткізуге арналған заманауи құрал-жабдықтар алды.